"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

27.06.2017

БЖЗҚ-ның жаңа онлайн-қызметтері

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қашықтықтан қызмет көрсетуді дамыту бойынша белсенді жұмыс атқарып жатыр. 2017 жылғы маусым айында Қор enpf.kz сайтында мынадай электрондық қызметтерді жүзеге асырды:
- міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру. Бұл сервис 2017 жылдың 30 маусымында іске қосылады, қазір соңғы тестілеу шарасы өткізіліп жатыр;
- зейнеткерлік жасқа толуға байланысты немесе 1-ші немесе 2-ші топтардағы мүгедектердің мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру. Алғашқы өтініштер жолданды, онлайн рәсімдеу бірнеше минутты алады;
- төлемдерді тағайындау және (немесе) аудару жөніндегі өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау. Сервис жұмыс істеп тұр.

Бұл қызметтер enpf.kz веб-сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі және Жеке кабинетінде қолжетімді. Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) маңызды кілтін алу жеткілікті.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру үшін ЭЦҚ-дан басқа Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютада (теңге) екінші дәрежелі банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәліметті және екінші дәрежелі банктің деректемелерін көрсету қажет.

Бұл ретте БЖЗҚ алушыға төлемдерді тағайындау/аудару жөніндегі өтініштің орындалуы туралы СМС-хабарлама жіберу арқылы құлағдар етеді.

Одан басқа, зейнетақы төлемдерін тағайындау немесе зейнетақы жинақтарын аудару жөнінде өтініш берген салымшылар (алушылар) немесе кесте бойынша БЖЗҚ-дан төлем алушылар өздерінің берген өтініштерінің орындалу мәртебесін БЖЗҚ веб-сайтынан қадағалай алады.

Зейнетақы жинақтарын төлеу немесе аудару мәртебесі туралы мәліметтерді Жеке кабинеттен білуге болады. Ол үшін салымшылар (алушылар) алдымен сайтқа тіркеледі. Кейін ЭЦҚ немесе ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен құпия сөздің (пароль) көмегімен Жеке кабинетке кіре алады. Жеке зейнетақы шотындағы ақша қозғалысы туралы құпиялықты сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсілін таңдаған жағдайда ғана ЖСН мен парольді тіркеуге болады.

Бұл үшін жеке басты куәландыратын куәлікпен БЖЗҚ кеңсесіне жүгіну қажет.

Ал бұған дейін жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты немесе қосымша келісімді рәсімдеу барысында ақпаратты «интернет арқылы» алуды таңдаған адамдар үшін БЖЗҚ кеңсесіне келудің қажеті жоқ.

Жаңа электрондық қызметтер жайлы жазылған толыққанды Жадынамалармен БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтынан танысуға болады. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында оларды e-gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыру жұмыстары басталады.

2017 жылдың үшінші тоқсанында БЖЗҚ тағы бір электрондық қызметті – БЖЗҚ дерекқорында көрсетілген, салымшының қосымша деректемелеріне өзгерістер/ толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Бұл деректемелерге жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (түрі, нөмірі, күні мен осы құжатты берген орган), пошталық немесе электрондық мекенжай, телефон нөмірлері (үй, жұмыс, ұялы) жатады.

Осылайша, БЖЗҚ онлайн режимінде салымшының жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңі барысында – жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап зейнетақы төлемдерін алғанға дейін оған ілеспе қызмет көрсетуге дайын.


Просмотров 6651

Тізімге оралу