"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

07.08.2017

БЖЗҚ-ның жақын кезеңге арналған даму жоспары

2017 жылғы 2 тамызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Онда Қор дамуының түзетілген жоспары бекітілді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының даму жоспарына сәйкес, Қор мынадай мақсаттарға қол жеткізуге күш салады.

Ең бірінші зейнетақымен қамсыздандыру саласында тұрғындардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру көзделген. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің әлемдік стандарттарға сай болуы да маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.

Келесі міндет – Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Дербес түрде зейнетақы жоспарын құру мәдениетін қалыптастыру және ерікті зейнетақы жарналарын дамыту арқылы тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін нығайту.

Зейнетақы жүйесін әрі қарай дамыту және жетілдіру аясында Қордың алдына тағы бірқатар міндеттер қойылған. Олар: зейнетақы төлемдерінің ай сайынғы кестесін енгізу және шартты-жинақтаушы құрамдауышты енгізу.

2017 жылдың соңына дейін мынадай міндеттерді орындау жоспарланды. Олар: жеке деректемелерді өзгерту туралы өтінішті электрондық түрде беруді жүзеге асыру; өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және екінші деңгейдегі отандық банктердің бірінің инфрақұрылымы арқылы Қордың электрондық қызметін ұсыну бойынша қанатқақты жобаларды іске қосу; Қор қызметінің ашықтығы мен тұрғындардың хабардарлығын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру.

Одан әрі Қордың электрондық қызметтерін бір емес, бірқатар жеке банктердің инфрақұрылымы арқылы жүзеге асыру, зейнетақы шоттарындағы барлық операция бойынша бірыңғай ақпараттық деректер қорын жасау (ағымдағы және тарихи деренктер бойынша) және жеке зейнетақы шотындағы ақпараттарға жалғанған дербес зейнетақы калькуляторын жүзеге асыру міндеттерін жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың біріктірілген жүйесін әрі қарай дамыту үшін сапа менеджменті жүйесі бойынша стандарттар енгізу қажет. 2018 жылдың бірінші жартысында Қор ISO 9001:2015 стандарты бойынша Халықаралық сәйкестік сертификатын алуды жоспарлап отыр.

Қордың даму жоспарын жүзеге асыру аясында шығындарды оңтайландыру және басымдыққа ие емес әрі тиімділігі төмен шығындарды қысқарту бойынша жұмыстар атқарылатын болады. Осы жылдың алғашқы жартысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қордың шығындары бұған дейін 2017 жылға бекітілген бюджеттен 11,7 млрд. (-28 пайыз) теңгеге қысқартылды.

Бизнес-үдерістер сараптан өткізілді. Бұл бір-бірін қайталайтын және тиімсіз үдерістерді оңтайландыруға және қысқартуға, сондай-ақ еңбек ақы төлеу жүйесі мен ұйымдық құрылымды қайта қарауға мүмкіндік берді. Соның арқасында биыл, бұған дейін бекітілген еңбек ақы төлеу шығындары 2,4 млрд теңгеге (немесе 23 пайызға) қысқартылды. Одан басқа, бөлме-жайларды жалға алу шығындарын бұған дейін бекітілген жоспармен салыстырғанда 419,7 млн теңгеге (немесе 29,8 пайызға) қысқарту ұсынылып отыр. Сонымен қатар 2017 жылға арналған жоспарға сәйкес іссапарлық шығындар бұған дейін бекітілген жоспармен салыстырғанда 71 млн теңгеге (немесе 36 пайызға) қысқартылды.

2017 жылдың екінші жартысында шығындарды оңтайландыру және өңірлік желіні дамыту аясында "Мобильдік кеңсе" қанатқақты жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, біз Қордың бөлімшелеріне түсетін ауырлықты, адамдардың келуі және жасалатын операциялардың санына талдау жасап, мынадай тұжырым жасадық. Яғни, кейбір шалғай аудандар мен кенттерде кеңсе ашу тиімсіз. Бірақ бұл елдімекендердің тұрғындарына зейнетақылық қызметтердің барлық түрі көрсетілуі тиіс. Сондықтан енді Қордың көшпелі кеңсесі қажет жағдайда оларға келіп тұратын болады. Барлық техникамен және жерсеріктік байланыспен жабдықталған автокөлік, барлық қызметті онлайн тәртібінде көрсетеді. Оны өзіндік бір дербес қызмет көрсететін жылжымалы орталық деп атауға да болады. Жобаны әзірге үш өңірде – Қостанай, Алматы және Атырау облыстарында жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өңірлер климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларға байланысты таңдап алынды. Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан алыста орналасқан аудандар мен елдімекендер көп. Алматы облысы болса, халқының тығыз орналасқандығымен және елдімекендерінің көптігімен ерекшеленеді. Ал Атырау облысында бұл жобаны осында мұнайгаз саласында жұмыс істейтін адамдардың көптігіне байланысты іске қосу ұйғарылды. Оның үстіне бұл компаниялар елдімекендерден алыста орналасқан


Просмотров 4945

Тізімге оралу