"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

10.08.2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкер әйелдерімен кездесті

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаеваның республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 2017 жылғы 10 тамызда ол Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкер әйелдерімен кездесті.

Кездесуге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық іскер әйелдер Кеңесі, «Өскемен әйелдері» Қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ өкілдері қатысты.

Өзінің алғы сөзінде облыстық іскер әйелдер Кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Әбілова Шығыс Қазақстан облысының әйелдер қауымы облыс бойынша әрекеттегі 43 206 бизнес субъектісін (немесе облыс бойынша 45%) басқаратындығын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысы іскер әйелдер Кеңесінің құрамында 94 кәсіпкер әйел бар. Олардың арасында депутаттық корпустың өкілдері, өңірге белгілі қоғам қайраткерлерінің бар екендігін айта кеткен жөн. Олар әйелдерге өз бизнесін ашуға көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ басқа да қоғамдық маңызға ие жұмыстарды атқарады.

Кездесу барысында әйелдерді жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту мәселесі талқыланды. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша әйелдер арасында жұмыспен қамтылғандардың саны шамамен 4,1 млн. адамды құраған.

Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін әйелдердің атына ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 4,2 миллионнан асты. Олардың ішінде зейнетақы төлемдерін алушылардың шоттары мен шетелге тұрақты тұруға кеткендердің жабылмаған шоттары да бар. Басқаша айтқанда жұмысбасты әйелдерді жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуда оң нәтижелер байқалады: егер 2014-2015 жылдары ЖЗШ саны жұмыспен қамтылған тұрғындардың санынан аз болса, 2017 жылы жағдай керісінше жақсарған.

Зейнетақы Қорының деректеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әйелдерінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоттарының саны 346 мың бірлікті (немесе облыс бойынша 46%), ал оларда жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы 202 млрд теңгені құрайды. Бұл облыс бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 40 пайызына жетеді. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының жинақтары орташа есеппен 641 мың теңгені құрайды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша әйелдердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 584 мың теңгені құрайды. Бұл облыс бойынша ер азаматтардың жинақтарынан 23 пайызға төмен.

Сонымен қатар Нұрбүбі Серікқажықызы кездесуге қатысушыларға жинақтаушы зейнетақы жүйесі, Қордың қызметі мен жаңа сервистері туралы жан-жақты әңгімелеп, олардың сұрақтарына жауап берді.


Просмотров 5599

Тізімге оралу