Филиалды таңдаңыз:
30.11.2015
2015 жылғы 1 қарашада ENPF ұялы қосымшасынан 82 000 жүктеп алу тіркелген
Хабарлаудың электрондық тәсілдерінің танымалдылығы артып келеді. 2015 жылғы 1 қарашада 1 миллионнан астам адам жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жағдайы туралы ақпарат алу тәсілі ретінде Интернет-хабарлауды таңдаған. ЖЗШ-дан ақпаратты 255 мыңнан астам адам e-mail арқылы және 820 мыңнан астам адам Қордың веб-сайты (www.enpf.kz) немесе смартфондағы ұялы қосымша (ENPF) арқылы алады. 1 қарашадағы жағдай бойынша ENPF қосымшасынан 82 000 жүктеп алу тіркелді, электрондық үкімет порталы (e-gov) арқылы 73 000 үзінді көшірме берілді.
www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімінде және ұялы қосымшада пайдаланылатын логин мен парольді кез келген БЖЗҚ кеңсесінен алуға болады. Қордың өңірлік желісінде 236 қызмет көрсету кеңсесі бар. Қызмет көрсету кеңселерінің мекенжайы мен жұмыс кестесін 8 800 080 1177 телефоны арқылы, Қордың www.enpf.kz сайтынан не «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы білуге болады.