Филиалды таңдаңыз:
24.11.2015
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының көлемін инвестициялық табыстан 30%-ға және зейнетақы активтерінен 10%-ға төмендету туралы шешім қабылданды. Бұрын (2014-2015 жылдары) БЖЗҚ комиссиялық сыйақысының көлемі инвестициялық табыстың 7,5% және зейнетақы активтерінің 0,025% құраған.
Зейнетақы активтерін біріктіру және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру бұрынғы жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялармен салыстырғанда комиссиялық сыйақы көлемін екі есе азайтуға мүмкіндік бергенін ескертеміз. Мәселен, бұрын ЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақысы айына инвестициялық табыстан 15%-ды, ал зейнетақы активтерінен 0,05%-ды құраған.
2015 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен 2016 жылға БЖЗҚ комиссиялық сыйақысының мынадай көлемі белгіленді:
1) инвестициялық табыс сомасынан 5,25 пайыз;
2) зейнетақы активтері сомасынан 0,0225 пайыз.
Комиссияларды бұдан әрі төмендету зейнетақы активтерінің өсуі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің табысты инвестициялық қызметі мен Қор шығыстарын оңтайландыру арқылы мүмкін болды.
Коммерциялық емес ұйым бола отырып БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы жинақтары төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады, зейнетақы жинақтарын және төлемдерді дербес есепке алуды жүргізеді, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша ақысыз консультациялық қызметтер көрсетеді.
2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы
5,46 трлн. теңге болды. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (бұдан әрі – ЖЗШ) саны 10 093 886 бірлікке жетті, оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шарттар саны 56,8 млрд. теңге жинақ сомасымен 384 977 бірлікті құрады. Жинақтардың жыл басынан бергі өсімі 20,8% болды.
2015 жылдың он айындағы салымшылардың шоттарына бөлінген таза инвестициялық табыс 488,03 млрд. теңгені құрады.
2015 жылдың басынан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 114,85 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар сомасы 15,84 млрд. теңге болды.
Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше жолы бар. Салымшы олардың ішіндегі ең ыңғайлысын таңдай алады, мысалы:
- салымшының БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш жасауы;
- салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішінде немесе жекелеген келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілетін хабарлама;
- логин мен паролі немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған кезде enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» кабинеті. Сонымен қатар, «интернет қызметі арқылы өзі өтініш жасау» деген хабарлау тәсілін таңдай отырып, әрі логині мен паролі болса да БЖЗҚ мамандарының смартфондар мен планшеттер үшін әзірлеген Android, iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады.
- халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО-лар) немесе egov.kz электрондық үкімет порталы;
- пошта арқылы (шартта немесе өтініште көрсетілген мекенжайға).
БЖЗҚ салымшыда ақпарат беру бойынша Қор міндеттемелерін орындаға әсер ететін қандай да бір өзгерістер (тұрғылықты жерінің мекенжайы, электрондық мекенжайы және т.б.) болған жағдайда, салымшылардың бұл туралы БЖЗҚ-ға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті екенін ескертеді. Қор салымшылардың барлығынан БЖЗҚ-дағы өз деректерін тексеруін сұрайды және өз жинақтары туралы ақпарат алудың анағұрлым ыңғайлы, заманауй, үнемді әрі жылдам тәсілін таңдап алуды ұсынады.
2015 жылғы 1 қарашада 1 миллионнан астам адам ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде веб-хабарлауды таңдаған, олардың ішінде 255 мыңнан астам адам ЖЗШ-дан ақпаратты электрондық мекенжайы арқылы және 820 мыңнан астам адам қордың www.enpf.kz веб-сайты немесе смартфондағы ұялы қосымша арқылы алады.
www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімінде және ұялы қосымшада пайдаланылатын логин мен парольді БЖЗҚ-ның кез-келген кеңсесінен алуға болады. БЖЗҚ өңірлік желісінде 236 қызмет көрсету кеңсесі бар. Қызмет көрсету кеңселерінің мекенжайлары мен жұмыс кестесін 8 800 080 1177 телефоны бойынша, Қордың www.enpf.kz сайтынан не «ENPF» ұялы қосымша арқылы білуге болады.
БАҚ үшін байланыстары: press@enpf.kz