Филиалды таңдаңыз:
18.09.2017
2017 жылғы 15 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ Алматы қалалық филиалы ғимаратында Қор басшылығы «Қоғамдық қабылдау» электрондық қызметі арқылы қабылдауға жазылған салымшылармен кездесті.
Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігі, инвестициялық табыстың мөлшері мен олардың зейнетақы шоттарына үлестірілуі, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі, зейнетақы аннуитеті және ерікті зейнетақы жарналары туралы сұрақтарына «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры Жанара Төлегенова мен Қордың Алматы қалалық филиалының директоры Нұрлан Амренов жауап берді. Одан басқа, қатысушыларға зейнетақы калькуляторының қалай жұмыс істейтіндігі түсіндірілді. Бұл калькулятор болашақ зейнетақының болжамдық мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетелік, ниет білдіруші кез келген адам жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты сұрақтар бойынша Қоғамдық қабылдаудың топтық қабылдауына жазыла алады. Бұл үшін «Қоғамдық қабылдауға жазылу» атқарымын таңдап, мына сілтеме бойынша: www.enpf.kz қысқаша сауалнаманы толтыру қажет.