"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

25.09.2017

2017 жылғы 1 қыркүйектегі БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,43 трлн теңге болды. Жыл басынан бергі өсім 741 млрд теңгені (11%) құрады.

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,63 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 432 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шамамен 40 мың бірлікті құрады.

2017 жылдың басынан бері салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 398,57 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 5,78 пайызды құрады. Бұл инфляция деңгейінен 1,9 пайызға жоғары (инфляция 3,9% болды).

2017 жылдың басынан бері, яғни 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 148,57 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар - 17,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан 118,54 млрд теңге төленген, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар - 12,51 млрд теңгені құраған.

Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бірінен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шамамен 777 мың адам зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электрондық мекенжайына алады. Ал шамамен 3,6 миллион адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. 2017 жылдың қыркүйегінде сайт немесе ұялы қосымшаны пайдаланушылар қатарына шамамен 110 000 салымшы (алушы) қосылды.

Қордың www.enpf.kz ресми сайтында жаңа электрондық сервис – салымшының (алушының) деректемелеріне, дәлірек айтқанда, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректеріне, пошта және (немесе) электрондық мекенжайға, (үй, жұмыс, ұялы) телефон нөмірлеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қызметі қолжетімді болды. Бұл қызметті пайдалану үшін салымшыда (алушыда) электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кілті, сондай-ақ Қордың дерекқорында ашылған жеке зейнетақы шоты болуы керек. Осылайша, БЖЗҚ салымшыға (алушыға) жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңі ішінде - жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап зейнетақы төлемдерін алғанға дейін оған қолдау көрсетіп, ілеспе қызмет көрсетуге дайын.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.


Просмотров 5585

Тізімге оралу