Филиалды таңдаңыз:
23.11.2017
Қажетті жинақты қамтамасыз етуге жол ашатын зейнетақыны жоспарлауда ерікті зейнетақы жарнасы маңызды құрам болып табылғандықтан Қор оны белсенді түрде дамытуды жоспарлауда. Біз ерікті зейнетақы жарналарының бәсекеге қабілеттілігін артыру бағытында жұмыс істемекпіз. Қор халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы салық және өзге де ынталандыру әдістері арқылы халықтың ерікті зейнетақы жарнасына деген қызығушылығын арттыруға қатысты ұсыныстарды дайындайтын болады.
Ерікті зейнетақы жоспарларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Қор ерікті зейнетақы жинақтарын жинауға халық арасындағы қызығушылықты арттыру үшін салықтық және басқа да әдістер бойынша ынталандырушы ұсыныстар әзірлейтін болады.
«БЖЗҚ» АҚ жаңа даму стратегиясы аясында Қор алдына 2021 жыл соңына дейін ерікті зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоттарының санын 2017 жыл басындағы деңгейден 15%-ға арттыру мақсаты тұр.