Филиалды таңдаңыз:
28.11.2017
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!
Осымен «БЖЗҚ» АҚ-да 2017 жылы және 2018 жылдың екінші жартысында зейнеткерлік жасқа толған/толатын салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ I, II топ мүгедектеріне (мерзімсіз уақытқа) Қазақстан Республикасының 01.01.2018ж. бастап күшіне енетін зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы нысаналы хабарландырулар бойынша іс-шаралар жүзеге асырылғанын хабарлаймыз, атап айтқанда:
1) әйелдердің зейнеткерлік жасының өсірілуі, дәлірек айтсақ:
Жылдар бойынша |
Зейнеткерлік жастың біртіндеп өсірілуі |
Туған күндері бойынша |
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
58 жас 6 ай |
1960 жылғы 1 қаңтардан бастап 1960 жылғы 30 маусымға дейін |
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
59 жас |
1960 жылғы 1 шілдеден бастап 1960 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
59 жас 6 ай |
1961 жылғы 1 қаңтардан бастап 1961 жылғы 30 маусымға дейін |
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
60 жас |
1961 жылғы 1 шілдеден бастап 1961 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
60 жас 6 ай |
1962 жылғы 1 қаңтардан бастап 1962 жылғы 30 маусымға дейін |
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
61 жас |
1962 жылғы 1 шілдеден бастап 1962 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
61 жас 6 ай |
1963 жылғы 1 қаңтардан бастап 1963 жылғы 30 маусымға дейін |
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
62 жас |
1963 жылғы 1 шілдеден бастап 1963 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
62 жас 6 ай |
1964 жылғы 1 қаңтардан бастап 1964 жылғы 30 маусымға дейін |
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап |
63 жас |
1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1964 жылғы 31 желтоқсанға дейін |
2) «БЖЗҚ» АҚ-дан ай сайын берілетін төлемге ауысу;
3) зейнетақы жинақтары төлемін есептеу тәртібін өзгерту.
Нысаналы хабарландыру төмендегі байланыс арналары бойынша жүзеге асырылды:
Қосымша сауалдар туындаған жағдайда, Сізден «БЖЗҚ» АҚ-ның www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы «Өтініш жіберу» қосымшасына басып, «Кері байланыс» немесе «Электрондық сервистер» бөлімі арқылы, сондай-ақ қала және Қазақстан ұялы операторларының телефондарынан тегін қоңырау шалуға болатын 1418 не 8 (727) 356-10-60 (Алматы қаласы бойынша тегін) телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.