Филиалды таңдаңыз:
27.11.2017
Құрметті салымшылар мен алушылар!
Біз сіздерді тағы да Ашық есік күні шарасына шақырамыз. Ол 12 желтоқсан күні Қордың барлық филиалдарында өткізіледі. Шараға қатысушылар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктің қалай жүзеге асырылатындығы жайында білетін болады.
- Мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға кімдер құқылы?
- Мемлекет кепілдігі бойынша төлем алу үшін қайда жүгіну керек?
- Инфляциядан төмен емес инвестициялық табысты ескере отырып, зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен енгізілген жарналардың сомасы арасындағы айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі қандай?
- Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекеттік кепілдік қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
Осы және өзге де сұрақтарға «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері толыққанды жауап беретін болады. Шараға қатысушылардың барлығы зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік туралы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады және тиісті ақыл-кеңес алуға да мүмкіндіктері бар.