Филиалды таңдаңыз:
04.01.2018
«БЖЗҚ» АҚ жалғыз акционерінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылдың 22 желтоқсанындағы №265 қаулысы) «БЖЗҚ» Директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілді:
1) Кеңестің мүшелері Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Бекетаев Руслан Бақытжанұлының, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Келімбетов Қайрат Нематұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
2) Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жақыпова Светлана Қабыкенқызы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Кадюков Николай Викторович (жалғыз акционердің өкілі ретінде) сайланды.