Филиалды таңдаңыз:
24.01.2018
«БЖЗҚ» АҚ 2018 жылдың басына қарай салымшылар мен алушыларға жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.
Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таңдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:
2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, хабарлау тәсілі ретінде «Жеке өзі келіп өтініш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсілін таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.
Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таңдағандар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 0,8 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдың басына қарай үзінді-көшірмені электрондық жолмен алу тәсілін таңдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.
Үзінді-көшірмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады. Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейін БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесі жылы үзінді-көшірмені оған жібермеуге құқылы. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе хабарлау тәсілі таңдалмаған болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты жібермейді.
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қордың міндеттемелерді орындауына әсер ететін жеке деректемелерін өзектендіруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсілін таңдауға кеңес береді. Мұны екі жолмен: Қор бөлімшесіне келгенде немесе онлайн тәртібінде Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен жасауға болады.
Интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені онлайн тәртібінде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.