Филиалды таңдаңыз:
24.04.2018
2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғаны белгілі.
Табыстылық деңгейі зейнетақы активтерін біріктіру кезеңінен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта орта есеппен инфляция деңгейінен жоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақы активтерінің табыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейі 41,76 пайызды құрады. Жылдарға бөліп қарайтын болсақ, табыстылық пен инфляция деңгейін былайша салыстыруға болады:
Жыл |
Табыстылық деңгейі |
Инфляция |
2014 |
6,31% |
7,40% |
2015 |
15,65% |
13,6% |
2016 |
7,95% |
8,5% |
2017 |
7,92% |
7,1% |
Қосымша айта кетелік, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды қысқарту, жаңа электрондық қызметтерді енгізу және олардың үлесін арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар Қорға зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.