Филиалды таңдаңыз:
19.07.2018
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы жылжымайтын мүлікті сатуға аукцион жариялайды, нысандар тізбесі, бастапқы баға, кепілдік жарна мөлшері мен қадам шамасы 1-қосымшада берілген (насындардың суреттері).
Аукцион 2018 жылы «01» тамызда сағат 10:00-да Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 82, 331 каб. мекенжайы бойынша ашық тәсілмен және ағылшын әдісі бойынша өтеді.
Аукционға қатысуға өтінімдер Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 82, 309 каб. мекенжайы бойынша 2018 жылы «31» шілдеде сағат 17:00-ге дейін беріледі.
Кепілдік жарнаны енгізу мерзімі: 2018 жылы «31» шілдеде сағат 17:00-ге дейін беріледі (төлем тапсырмасының көшірмесі беріледі).
Әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар:
Аукционға қатысуға ниет білдіретін тұлғалар аукционды өткізуді бастағанға дейінгі мерзімде аукциондық комиссия қарауына келесідей құжаттарды беруге міндетті:
1) белгіленген нысанда аукционға қатысуға өтінім (2-қосымша);
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін береді. Заңды тұлғалар құрылтайшы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін (жарғы және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама) және салықтөлеушіні тіркеу туралы растау береді;
3) аукционға қатысуға ниет білдірген тұлғалар өз өкілдері арқылы әрекет еткен жағдайда өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжатты;
4) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын береді.
Қажет болған жағдайда аукциондық комиссия аукционға қатысуға ниет білдірген тұлғалардан басқа да құжаттарды сұрата алады.
Сатып алу-сату шартының жобасы (3-қосымша)
Толық ақпаратты 8 (727) 331-66-99 (ішкі 5310) және 8 (7172) 56-32-60 (ішкі 71711) телефондар арқылы ала аласыз.