ҚАРЖЫ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕП (2019 ЖЫЛЫ)
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен төртінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».
Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:
- зейнетақы жүйесінің модельдері,
- отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері,
- зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер,
- жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу,
- қолданыстағы электрондық сервистер,
- зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет,
- «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмысы.
БЖЗҚ басшылығы мен мамандары ашық ақпарат көздеріндегі ақпараттармен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік кеңестер берді, күрделі қаржылық көрсеткіштер мен статистикалық деректерді түсінуге көмектесті, Қор сайтындағы зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақыны жоспарлау және төлемдерді болжамдау бойынша ақыл-кеңес берді және зейнетақы жүйесінің дамуы жайында әңгімеледі.
(фотосуреттер).
ТАНЫСТЫРЫЛЫМДАР