Филиалды таңдаңыз:
2016 жылдың тамыз айында Алматы және Астана қалаларында БЖЗҚ ақпараттық қолдауымен АӨҚО академиясы ұйымдастырған «Қаржы журналистикасының жазғы мектебі» өтті.
Екі қалада оқуға 37 адам қатысты. БАҚ және блог саласының өкілдері арасындағы байқау қорытындысы бойынша өңірлік БАҚ өкілдерінен 4 үздік мақала таңдалды, авторлар Алматы және Астана қалаларында тұру мен жүру шығысын өтейтін гранттарды алды. Қызылорда қаласынан Динара Маханова, Өскеменнен Ирина Попова, Ақтаудан Милана Елеусинова және Петропавлдан Алёна Любушак грантқа ие болды.
Тегін курс аясында байқауға қатысқан журналистер мен блогерлердің жарияланымдарында көтерілген мәселелер ескеріліп жасалған қаржы және зейнетақы тақырыбы бойынша түрлі модульдер қарастырылды. Байқау кезінде медиа өкілдері барлығы 50 мақала жазды.
Мектептің негізгі жаттықтырушысы ретінде Қазақстанның қаржы жүйесінде 30 жылдық тәжірибесі бар, «Үздік қаржыгер - 2013» атағын алған Светлана Хайруллина қатысты. Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға АӨҚО академиясында қаржы журналистикасы бағдарламасы бойынша оқығаны туралы сертификаттар табысталды.
ТАНЫСТЫРЫЛЫМДАР
История пенсионной системы и её развитие