Филиалды таңдаңыз:
Зейнетақы активтерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы инвестициялық портфельдері
«БЖЗҚ» АҚ enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚРҰБ) және Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 209,78 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 17 196,49 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері - 13,29 млрд теңге.
Қазақстан басқа елдерден қандай өлшемдер бойынша озық тұр?
2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет халықаралық рейтинг - CFA институты мен Mercer Consulting халықаралық кәсіби консалтингтік компаниясының (Австралия) бірлескен зерттеу жобасы болып табылатын Mercer CFA институтының жаһандық зейнетақы индексіне (бұдан әрі - Индекс) енгізілді. Жан жақты талдау және бағалау нәтижелері бойынша еліміздің зейнетақы жүйесі осы рейтингте 20 орынға ие болды
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ, Қор) 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайын жақсарту/сатып алу және (немесе) емделу мақсатында уәкілетті оператор-банктерде ашылған отандастарымыздың арнайы шоттарына 1,9 млн өтінішке сәйкес 3,71 трлн теңге аударды. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын азаматтар тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 9 айында (01.01.2023 бастап 01.10.2023 ж. дейін) өз салымшыларына 18,8 млн. қызмет көрсетті. Оның ішінде 13 млн. астам қызмет электрондық форматта, 4 млн. астамы – автоматты форматта ұсынылды. Ал 973 663 салымшыға жүзбе-жүз қызмет көрсетілсе, 856 794 адам тікелей Қор кеңселеріне жүгінді.
Зейнетақы активтерінің 2023 жылғы 1 қазандағы инвестициялық портфельдері.
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 228,7 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 17 216,9 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 11,8 млрд теңге.
Біз Алматыда өткен "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелінің қонақтарымен болған ең қызықты сұхбаттарды жариялауды жалғастырамыз. Аталмыш іс-шараға жетекші шетелдік және қазақстандық сарапшылар қатысты. Бұл жолы сіз Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (Швейцария) аға жоба менеджері, доктор Гийом Фийонның зейнетақы жүйелерін дамытуға қатысты өзекті сауалдарға берген жауаптарымен таныса аласыз. Ол жұмыспен қамтудың жаңа форматтары бойынша еңбек етіп жүрген азаматтарды зейнетақы жүйесіне тарту және осы үрдісте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолдары туралы әңгімелейді.
2023 жылдың 9 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс шамамен 1,4 трлн теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 652,8 млрд теңгеге немесе 91,1% артық.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ұлттық қор – балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда.
БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша негізгі көрсеткіштері
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы жеке шоттарында 17,2 трлн теңгеден астам қаражат жинақталды. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,1 трлн теңгеден астам (немесе 22,1%) мөлшерге өсті. Жыл басынан бергі өсім шамамен 2,6 трлн теңге (17,5%).
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оған шетелдік және қазақстандық жетекші сарапшылар қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын атап өту шеңберінде өткізілді. Дөңгелек үстелді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекемелерді, ұйымдар мен ведомстволарды біріктіретін жетекші халықаралық ұйым – Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ) бірлесіп ұйымдастырды.
Қазіргі кезде көптеген қызмет түрлерін алған кезде мемлекеттік және қаржылық құрылымдар пайдаланушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін сұрайды. Салымшы (алушы) enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында Жеке кабинетіне кірген кезде БЖЗҚ осындай келісім беру туралы неге бір рет сұраныс жасайтынын біліп жүрейік.
Қазақстандық зейнетақы жүйесінің 25 жылдығына орай түсірілген Диалогтар сериясының кезекті шығарылымы экономист және саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұрынғы төрағасы (1998-1999 жж.), KASE Қазақстан қор биржасының экс-президенті (2009-2013 жж.), "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры (2017-2020 жж.) қызметтерін атқарған Қадыржан Қабдошұлы Дамитовтың қатысуымен өрбіді.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге берілген 1,9 млн жуық өтінішін орындады. Олар бойынша уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарға шамамен 3,7 трлн теңге аударылды. Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы жинақтарын азаматтар тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.
enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есеп ұсынылды. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 16 772,89 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 16 759,31 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 10,28 млрд теңге.
"Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің "Халықты қамту және хабардар ету" тақырыбындағы екінші панельдік сессиясының модераторы белгілі қаржыгер, мемлекет қайраткері Болат Жәмішев болды.
2023 жылғы 28 қыркүйекте "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында түрлі панельдік сессиялар мен пікірталастар өткізілді.
2023 жылғы 28 қыркүйекте өткен "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің Григорий Марченко жүргізген "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы" тақырыбындағы бірінші панельдік сессиясы аясында Халықаралық зейнетақы қорлары әкімшілері федерациясының (FIAP) Президенті Гильермо Артур (Сантьяго, Чили) сөз сөйледі.
2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел өтті. Оған шетелдік және қазақстандық жетекші сарапшылар қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілді. Дөңгелек үстелді әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекемелерді, ұйымдар мен ведомстволарды біріктіретін жетекші халықаралық ұйым – Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен (ХӘҚҚ) бірлесе отырып, Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ұйымдастырды.
2023 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласында өткен "міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту перспективалары" жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында өткен панельдік сессияда қазіргі заманның өзекті тақырыптарының бірі – "Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің болашағы: даму келешегі мен негізгі драйверлері" пікірталастың шыңы болды.
2023 жылғы 28 қыркүйекте "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін шетелдік жетекші сарапшылардың басын біріктіреді.