Филиалды таңдаңыз:
"БЖЗҚ" АҚ Қазақстанның қаржы және зейнетақы жүйесін құрудың қайнар көзінде тұрған адамдармен сұхбаттар топтамасын жалғастырады.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ, Қор) GitHub сайтындағы құжаттарға белгісіз тұлғалар орналастырған қазақстандықтардың дербес деректерінің БЖЗҚ дерекқорынан шығуы туралы желіде таралған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ресми мәлімдеме жасайды.
Тарих
2019 жылғы 20 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына өз азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру құқықтары көлеміне тең деңгейдегі құқықтар берілетініне кепілдік береді.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде отандастарымызға Ұлттық қордан өтемақы төленетіндігі туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратқа сәйкес, аталмыш өтемақыны Қазақстанның кез келген тұрғыны ала алады-мыс. "БЖЗҚ" АҚ мұның шындыққа сәйкес келмейтінін ескертеді және онда көрсетілген сілтеме бойынша өту Ұлттық қордың жалған сайтына әкеледі. Онда алаяқтар аңғал азаматтарды алдау жолымен олардың дербес деректерін, салық аударымдарын, еңбек өтілін, сатып алуға қабілетін, ЖСН біледі және осы мәліметтерді пайдалана отырып, банктегі шоттарынан ақша қаражатын ұрлауға мүмкіндік алады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден, егер мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде МЗЖ ұстап қалуға және оны БЖЗҚ-ға аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз уақытқа белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар қазақстандықтар жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ-ны ұстап қалуға келісім беретіндігі туралы өтініш беруге құқылы.
"БЖЗҚ" АҚ Қазақстанның қаржы және зейнетақы жүйесін құрудың қайнар көзінде тұрған адамдармен сұхбаттар топтамасын жалғастырады.
"Эйр Астана" АҚ акциялары сатып алу бағасымен салыстырғанда бағаның шамамен 13% өскенін көрсетуде.
"БЖЗҚ" АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін, олар 55 жасқа толған және олар үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МКЗЖ) жиынтығында кемінде 84 ай төлеген кезде 2024 жылы 1 қаңтардан бастап мына төлемдер енгізілді:
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылғаннан кейінгі алғашқы нәтижелерді бағамдай отырып, төмендегі деректерді атап өтуге болады:
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды.
695,5 млн АҚШ доллары 6 919 131 балаға (қоса алғанда 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туған балаларға) есептелді. Оның 30,6 млн АҚШ долларынан астамы бағдарламаның 18 жасқа 2024 жылы толатын 304 815 қатысушысының (қоса алғанда 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. туған балалар) нысаналы жинақтау шоттарына есептелген.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы басталды және 1 ақпаннан бастап БЖЗҚ-ға Қазақстан азаматтары болып табылатын барлық балаларға Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелді.
Баспасөз қызметінің өкілдері, жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар және қазақстандық компаниялардың PR-бөлімшелері, кәсіпорындар, қауымдастықтар, фрилансерлер және т. б. арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары жарияланды.
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.
enpf.kz сайтында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есебі "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде берілген. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 17 832,9 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 17 806 млрд теңгеден асты. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері - 26,9 млрд теңге.
2023 жыл бойына БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,6 трлн теңге шамасында таза инвестициялық кіріс есептелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 685,4 млрд теңгеге немесе 77,7% артық.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2023 жылдың 12 айында (01.01.2023 жылдан 31.12.2023 жылға дейін) өз салымшыларына 24,8 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде 17,4 млн. қызмет электрондық форматта, 5,5 млн. – автоматты форматта ұсынылды. Күндізгі форматта 1,2 млн. операция жүргізіліп, оның 1 млн астамы тікелей Қор кеңселерінде іске асырылды.
БЖЗҚ-ның 2024 жылғы 01 қаңтардағы негізгі көрсеткіштері.
2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 трлн теңгеге немесе 21,8% ұлғайды.
«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген бірқатар негізгі жаңашылдықтардың күшіне енгенін хабарлайды:
1. 18 жасқа 2024 жылы толатын кәмелетке толмағандар "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатыса ма және олар қанша сома алады?
Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін барлық балалар бағдарламаға енгізілген (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) және оның қатысушылары болып есептеледі. 18 жасқа 2024 жылы толатын балалар өздерінің 2023 жылға (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) есептелген нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтар түрінде алады.