"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 14,03 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) байланысты бірқатар шектеу шараларының қабылдануына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштер 5% немесе 663 мың қызметке артты. Мұндай көрсеткіштерге онлайн-қызметтерді ұсынудың оңтайлы жүйесінің арқасында қол жеткізілді, себебі, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы операциялардың жалпы көлемінің 92,4% (немесе 12,96 млн) электрондық форматта жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 20,2% немесе 2,2 млн қызметке өсті.
Жүктеу