Филиалды таңдаңыз:
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп жарияланған. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. Бұрын хабарланғандай, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 14,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 845,94 млрд теңгеге тең. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,57 млрд теңгені құрады.
Жүктеу