Филиалды таңдаңыз:
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп ұсынылған. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріледі. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 401,08 млрд теңге болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 15 391,36 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,72 млрд теңге.
Жүктеу