Филиалды таңдаңыз:
2023 жылғы 1 маусымға арналған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 846,7 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 15 833,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,08 млрд теңге.
Жүктеу