"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде отандастарымызға Ұлттық қордан өтемақы төленетіндігі туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратқа сәйкес, аталмыш өтемақыны Қазақстанның кез келген тұрғыны ала алады-мыс. "БЖЗҚ" АҚ мұның шындыққа сәйкес келмейтінін ескертеді және онда көрсетілген сілтеме бойынша өту Ұлттық қордың жалған сайтына әкеледі. Онда алаяқтар аңғал азаматтарды алдау жолымен олардың дербес деректерін, салық аударымдарын, еңбек өтілін, сатып алуға қабілетін, ЖСН біледі және осы мәліметтерді пайдалана отырып, банктегі шоттарынан ақша қаражатын ұрлауға мүмкіндік алады.
Жүктеу