"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында "БЖЗҚ" АҚ жыл басынан бері 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы шамамен 2,8 млн АҚШ доллары болатын 27 547 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1,5 млн жуық АҚШ долларына 15 003 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 1,3 млн жуық АҚШ долларына 12 544 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Жүктеу