БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАЛАРЫ
15.03.2017
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің екінші отырысы өтті
2017 жылдың 15 наурызында Қоғамдық Кеңестің екінші отырысы болып өтті. Өзінің алғы сөзінде БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің төрағасы Досым Сәтбаев Кеңес жетекшілерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев пен «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаевамен кездескендігі жайлы әңгімелеп берді. Кездесу барысында Кеңес пен ҚР Ұлттық Бакінің өзара әрекеттестік механизмі талқыланды. Өз сөзінде Данияр Ақышев Қоғамдық Кеңестің құрылғанына қолдау білдіре отырып, зейнетақы жүйесін жаңғырту, оның ішінде зейнетақы активтерін басқаруда жұртшылық пікірінің маңызды екендігін атап өткен болатын.
Жүктеу
Тізімге оралу