Филиалды таңдаңыз:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Болжамды зейнетақы калькуляторы болашақ зейнетақыны жоспарлау құралы болып табылады және пайдаланушыға барлық зейнетақы төлемдерінің болжалды мөлшерін, соның ішінде:
· мемлекеттік бюджет (базалық зейнетақы және ортақ (еңбек) зейнетақы);
· БЖЗҚ-ға жұмыскерлердің табысынан төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналары;
· 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары. Оны жұмыс беруші БЖЗҚ-ға еңбек жағдайы қауіпті, зиянды жұмыспен айналысатын жұмыскерлердің пайдасына аударады;
· ерікті зейнетақы жарналарын қоса алғанда есептеуге мүмкіндік береді.
БЖЗҚ зейнетақы калькуляторы салымшылар үшін жаңа функциялармен толықтырылды.
Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларының талап етілмеген кепілдікті өтем қаражатын ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару рәсімі аяқталды. Осылайша аталған банктің 41 134 салымшысына талап етілмеген кепілдікті өтем сомасы аударылды.
2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 328 015 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында салымшылар мен алушыларға 18,4 миллиондай қызмет көрсетті. Оның ішінде 12,6 млн астам қызмет электрондық форматта, шамамен 4,4 млн – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93% үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, қашықтан алуда.
Enpf.kz cайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы ай сайынғы есеп жарияланған: инвестициялық портфельдердің құрылымы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар берілген.
2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары шамамен 13,4 трлн теңгені құрады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істей бастағаннан, яғни 1998 жылдан бергі инвестициялық табыс сомасы 7,2 трлн теңгеден асты. Бұл ретте 2014 жылдан бастап, БЖЗҚ-да барлық зейнетақы активтерін біріктіруді аяқтау кезеңінде алынған инвестициялық кіріс шамамен 6,4 трлн теңгеге жетті.
2022 жылдың 1 шілдесіндегі БЖЗҚ көрсеткіштері
2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,4 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасып, 2021 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда өсім 616 млрд теңгені (немесе 4,8%) құрады.
Еліміздің шалғай елді мекендерінде трансферагенттік қызмет көрсетуді дамыту, сондай-ақ, Қазақстанның барлық тұрғындарына зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ АҚ "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп, Қор қызметтеріне "Қазпошта"АҚ бөлімшелерін қосымша қосу жұмысын жалғастыруда.
2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 325 680 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың басынан бері салымшылар мен алушыларға 16,5 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 11,3 млн-нан астам операция электрондық форматта, 4 млн-нан астамы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93% қашықтан алды.
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 20 отырысы 2022 жылдың 24 маусымында өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер болды: инвестициялық портфельді басқарушылардың инвестициялық стратегиялары (ИПБ), сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ 2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы.
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық болып табылады. enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, нақты кезеңдегі ахуал бойынша инвестициялық қызметке шолулар жарияланады. Қазіргі уақытта ақпарат 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша жаңартылды.
Көрсетілген есептерге сәйкес, 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 12,8 трлн теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12 747,21 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 8,7 млрд теңгеге жетті.
Ашық есік күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналып үлгерді. Салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болу үшін біздің қызметкерлер оны тағы да виртуалды кеңістікте өткізді.
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 12,8 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
1 маусымдағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері.
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,8 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты.
Өзінің жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірме алу – БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) заң жүзінде бекітілген құқығы. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты келесі тәсілдермен алуға болады:
электрондық тәсілмен:
- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы;
- жеке кабинет арқылы;
БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде;
пошта байланысы арқылы.
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 323 432 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударылды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша жойылған сегіз банктің 229 715 салымшысының талап етілмеген кепілдік өтем сомасы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлемді аяқтағаннан кейін ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) ретінде БЖЗҚ-ғы жеке зейнетақы шоттарына аударылды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың басынан бері салымшылар мен алушыларға 14,4 миллионнан астам қызмет көрсетті. Оның ішінде 9,8 млн-нан астам операция электрондық форматта, 3,4 млн-нан астамы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93% қашықтан алды.