Филиалды таңдаңыз:
«БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ елдің шалғай елдімекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында Қордың салымшылары мен алушыларына «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты
Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік зерттеу қорытындысы шығарылды. Сол арқылы халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім деңгейі айқындалды
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады
2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты.
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 262,3 млрд теңгеге өсті
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері бойынша 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында есептелген инвестициялық табысқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына байланысты былайша түсініктеме береді.
Алматы, Қазақстан «БЖЗҚ» АҚ-тың зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2018 жылғы қаржылық есептілігіне қатысты сыртқы аудит аяқталды. Тәуелсіз аудитордың қорытындысы бойынша («Делойт» ЖШС) «...қаржылық есептілік Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сәйкес 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қордың қаржылық ахуалын, сондай-ақ қаржылық нәтижелерін және осы күнге қарай ақша құралдарының бір жыл ішіндегі қозғалысын барлық тұрғыда шынайы көрсетеді».
Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен төртінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».
Мектептің мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы (Сарыарқа көш. бұрышы) «Іскер» бизнес-орталығы.
Оқыту курсын өткізу уақыты:
2019 жылдың 18 сәуірінде – сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін орыс тілінде,
2019 жылдың 19 сәуірінде – сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін қазақ тілінде.
ҚР Ұлттық Банкі шоғырландыру тәуекелін азайту, сондай-ақ қолайлы нарық жағдаятын ескере отырып, зейнетақы активтерінің портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарын жартылай сату туралы шешім қабылдады. 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары атаулы құнының 87,75 пайызы көлемінде жалпы сомасы 4,47 млн АҚШ долларына (немесе 1,68 млрд теңге) сатылды. Бұл көрсеткіш осы бағалы қағаздардың сатып алу құнынан жоғары
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің (2019 жылғы 29 наурыздағы № 1 хаттама) шешімімен Құрманов Жанат Бостанұлы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2019 ж. 29 наурыздағы №1 хаттама) Қорды 2017 жылдың қаңтар айынан бері басқарып келген Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызының өкілеттігі 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тоқтатылды
2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 115,8 млн теңгеге өсті
2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді
Бұдан бір жыл бұрын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) «Мобильдік кеңсе» жобасын іске қосқан болатын. Оны зейнетақы қызметтерін жерсеріктік байланыстың көмегімен онлайн тәртібінде көрсететін жылжымалы қызмет көрсету орталығы деуге болады. Бүгінде ол салымшылар арасында сұранысқа ие болып келе жатқан жемісті жобалардың бірі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіріп отырады
2019 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны – 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар – 9,9 млн бірлік (95%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны – 0,5 млн бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бірлік болды
2018 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының шоттарына 847,1 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті
2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгені құрап, соңғы 12 ай ішінде 1,6 трлн теңгеге көбейді. Еске сала кетелік, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған еді
2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды
2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті