Филиалды таңдаңыз:
2020 жылдың 1 сәуіріне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
Қазақстанның ең маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың бірінші тоқсанында 879 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары 11,7 триллион теңгеден асып, 2020 жылдың басынан бергі өсім 8% құрады.
2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері жыл басынан бері 881 млрд. теңгеге артып, 11 679,12 млрд.теңгеге жетті. БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырған 2013 жылдың қыркүйегінен бастап осы күнге дейінгі кезеңде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы инвестициялық кіріс шамамен 30% немесе 3,9 трлн теңгені құрады.
БЖЗҚ салымшыларының шоттарында жинақталған зейнетақы активтері 2020 жылдың 1 сәуіріне 11,7 трлн теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарып келе жатқан 2013 жылдың қыркүйек айынан бергі уақыт ішінде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы есептелген инвестициялық кіріс оның 30% - дан астамын (немесе 3,9 трлн теңге) құрады.
Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "БЖЗҚ" АҚ енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды өтінеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қордың барлық бөлімшелері жаңартылған қызмет көрсету режиміне көшетінін хабарлайды:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 14 сәуірден бастап 19 сәуір аралығында Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімін бекітуіне орай «БЖЗҚ» АҚ-ның байланыс орталығы төмендегідей жұмыс кестесі бойынша қызмет атқаратындығы туралы хабарлайды: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында және ҚР «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі зейнетақы (ТЗ) мөлшерін 38 636 теңгеден 40 441 теңгеге дейін, ең төменгі күнкөріс (ТК) шамасын 31 183 теңгеден 32 668 теңгеге дейін ұлғайту көзделген өзгерістер мен толықтырулар негізінде БЖЗҚ-дан берілетін мына төлемдер мөлшері арттырылды:
Мессенджерлерде таралған 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемдер азаматтарға олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады деген ақпарат шындыққа сәйкеспейді!
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты 31 наурызда халыққа арнаған бейнеүндеуі барысында қауіпті вируспен күреске бағытталған шектеу шараларынан болатын салдарларды жұмсартатын бірқатар экономикалық және әлеуметтік іс-шараларды атап өтті.
2020 жылдың 1 наурызына жалпы сомасы 32,1 миллиард теңгені құрайтын 308 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде: - зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер - 12,2 млрд теңге; - ТТЖ кетуге байланысты - 8,4 млрд теңге; – сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 5,4 млрд теңге; - мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,2 млрд теңге; - жерлеуге төлемдер - 595,8 млн теңге; - мүгедектік бойынша төлемдер - 360,2 млн теңге.
Қазақстанның аса маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың алғашқы екі айында 283 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтардың зейнетақы жинақтары 11 триллионнан асып, екі айдағы өсім 3% жетті. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша қалыптасты және соңғы 12 айда 17% - ға ұлғайып, 10,8 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 257 млрд теңге (өсім 25%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеге (өсім 6%) жуық.
«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түсті (жыл басынан бергі өсім 4% пайызды құрады). Зейнетақы активтерін әр түрлі валюталардағы сенімді қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық кірістілікті, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеруі тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы активтері құрылымының 33,7%- дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Олардың басым бөлігі (портфельдің 30,6%- ға жуық көлемі) - АҚШ долларында.
«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларына әлемдегі қалыптасқан пандемиялық жағдайға байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің республикада төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығын басшылыққа ала отырып, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 30 наурызына дейін Қор бөлімшелерінің салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша зейнетақы қызметтерін алыстан (қашықтан) көрсету режиміне көшірілгендігі туралы хабарлайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілдерін ұсынады. Ақпараттандырудың ең танымал тәсілдері – электрондық тәсілдер, яғни: электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға; электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін, оның ішінде ұялы қосымшаны пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлі банк қосымшаларын жиі пайдалануда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдістен қалыс қалмай, өз қызметтерін әр түрлі электрондық сервистерге ауыстырып жатыр. Осылайша Қор өз жүйесін мемлекеттік органдармен ғана емес, екінші деңгейдегі банк жүйелерімен де ықпалдастыруды қолға алды.
2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы 1,09 миллион теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 11 пайыз. Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1,2 млн теңге (2019 жылмен салыстырғанда өсім – 10 пайыз), ал әйелдерде – 949 мың теңге (өсім – 12 пайыз). Салымшылардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 509 мың теңге (өсім – 17 пайыз), ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 48,5 мың теңге.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері 2019 жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шоттарының иелерімен байланыс орнатты. Бұл бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген «ұйқыдағы» шоттар. Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.
2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету аясында жыл басынан бері 1 551 766 операция орындалды. Оның басым бөлігі, яғни 80,4 пайызы (1,25 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім - 2 пайыз. Дегенмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерін алу үшін Қор мамандарына жүгінгенді жөн санайды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында БЖЗҚ кеңселерінде Қазақстан бойынша орта есеппен күн сайын 9 мыңдай операция орындалды.
2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: - зейнет жасына толуға байланысты – 7,4 млрд теңге; - Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 4,8 млрд теңге; - сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,6 млрд теңге; - мұрагерлік бойынша – 2,5 млрд теңге; - жерлеуге байланысты – 311 млн теңге; - мүгедектігі бар жандарға – 200 млн теңге төленді.
2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негізгі көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде 16 пайызға өсті. Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан. Ал МЗЖ есебінен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгені құрады.