Филиалды таңдаңыз:
Биылғы жылдың 1 сәуірінде БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке
зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны барлық шарт түрі бойынша 9 986 467 бірлікті құрады.
Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,7 трлн. теңгеден асып түсті. 2015 жылдың
бірінші тоқсанында БЖЗҚ алып, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ына бөлінген
инвестициялық табыс – 58,25 млрд. теңге.
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы
– 42,43 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома – 3,39 млрд.
теңге.
Салымшы (алушы) жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде (әйелдер – 58
жас, ерлер – 63 жас) міндетті зейнетақы жарналары есебінен кесте бойынша зейнетақы
төлемдерін тағайындау туралы өтініш ресімдеу үшін БЖЗҚ-ның жақын орналасқан
кеңсесіне өтініш білдіруі тиіс.
Интернет өзінің қолжетімділігі мен үнемділігінің арқасында БЖЗҚ-мен өзара қарым-
қатынастағы аса ыңғайлы тәсіл болып табылады. Ол уақытты біршама үнемдеуге, қор
жұмысы мен өз зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты компьютер немесе
ұялы телефон арқылы қордың www.enpf.kz сайтынан тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн
бойы алуға мүмкіндік береді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет
порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы
ақпаратты ала алады.
Бүгінгі күні eGov пайдаланушыларының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтың (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкіндігі бар, онда зейнетақы
аударымдарының сомасы кіріссіз көрсетілген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі кезекті
декларацияны берген кезде БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы
деректер көрсетілмейді. Осыған байланысты, декларациялау үшін жеке зейнетақы
шотынан үзінді көшірме ұсыну қажет емес екендігін ескертеміз.
Анықтама үшін телефондар: 8 800 080 1177 немесе 1414. Қазақстан бойынша
қоңырау шалу тегін. www.enpf.kz
Міне 2014 жыл да аяқталып қалды, ал бұл БЖЗҚ-ның сіздерге 2015 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарыңыз туралы жыл сайын ақпарат беруге
қатысты міндетін орындайтын кез келгенін білдіреді.
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме Сізге зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт немесе ақпарат алу тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісім
жасасқан кезде өз еркіңізбен таңдаған тәсіл бойынша беріледі.
Қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сәйкес, салымшылар (алушылар) белгіленген
тәртіп бойынша қордың ақпарат беруге қатысты міндеттемелерін орындауына әсерін
тигізетін өзгерістердің барлығы туралы БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті.