Филиалды таңдаңыз:
Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы болып табылады және оларды Инвестициялық декларацияға сәйкес инвестициялайды. Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін Үкімет бекітеді. Зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес айқындайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемі – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.
2021 жылғы 5 ақпандағы біржолғы зейнетақы төлеміне қабылданған және өңделген өтінімдер бойынша жиынтық деректер былайша берілген.
Уәкілетті операторлардан келіп түскен біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға арналған өтінімдерді талдау нәтижесінде мынадай негізгі себептерді бөліп көрсетіп, оларды жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнінде кеңестер беруге болады.
«БЖЗҚ» АҚ БАҚ пен әлеуметтік желілерде Ж.Т. Сулейманов мырзаның (бұдан әрі – Арызданушы) Қорға қатысты берген азаматтық талап – арызы және Қордың сот талқылауына қатысқысы келмейтіні туралы жарияланымының таралуына байланысты мынаны хабарлайды.
3 ақпандағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін алу жөніндегі жедел деректер мынадай:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылғы 25 қаңтар мен 3 ақпан аралығында уәкілетті операторлардан мақсатты пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға жолдаған 75 131 салымшының өтінішін қабылдады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры операциялық күнді 2021 жылдың 1 ақпанында жауып, сегіз күн ішінде уәкілетті операторлардан салымшылардың нысаналы пайдалану үшін мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға қатысты 60 079 өтінішін қабылдады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылы бірқатар шектеу шаралары қабылданған эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) қарамастан, көрсетілетін қызметтер санын 2019 жылмен салыстырғанда 15% ұлғайтты. Осылайша 2021 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ салымшыларға 19,4 млн қызмет көрсетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,5 млн-ға артық.
2021 жылдың 5 қаңтары мен 31 қаңтары аралығындағы кезеңде салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы 3 732 970 үзінді көшірме алды. Үзінділерде сондай-ақ, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделу үшін ақы төлеуге арналған нысаналы пайдалануға қолжетімді сома туралы деректер қамтылады. Өздері көрсеткен кезең үшін зейнетақы жинақтарының сомасы мен нысаналы пайдалануға қолжетімді сома туралы ақпарат алған салымшылардың жалпы саны 1 248 185 адам.
2021 жылғы 27 қаңтарда «БЖЗҚ» АҚ-ға «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан жалпы сомасы 156,2 млрд теңгеге 9 566 өтінім түсті. Келіп түскен өтінімдердің барлығын БЖЗҚ күнбе-күн қарайды.
БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишингтік* шабуылдарына ұшырағандары туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады.
2021 жылғы 26 қаңтарда «БЖЗҚ» АҚ-ға «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан жалпы сомасы шамамен 314,3 млрд теңгеге 17 092 өтінім келіп түсті. Келіп түскен барлық өтінімдер БЖЗҚ-да сол күні қаралды.
Өтінімдерді қабылдаудың бірінші күнінде-ақ, яғни 2021 жылдың 25 қаңтарында «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан «БЖЗҚ» АҚ-ға жалпы сомасы 114,6 млрд.теңгеден астам сомаға 10 292 өтінім келіп түсті. Барлық келіп түскен өтінімдерді «БЖЗҚ» АҚ сол күні-ақ, еш кідіріссіз қарады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 12,9 трлн теңгені құрады.
Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кірістен құралады. Ол инвестициялық портфельдегі қаржы құралдарының құнына және қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты күн сайын өзгеріп отырады. Осыған байланысты зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің белгіленген шегінен асатын, алуға қолжетімді сома өзгеруі мүмкін.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2021 жылдың 1 қаңтарында 12,9 триллион теңгеден асты. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс кіреді.
«БЖЗҚ» АҚ Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2019 жылдың 20 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерімен бірлесіп әзірлеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енгенін хабарлайды.
2021 жылдың 1 қаңтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 364 799 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 193,4 миллиард теңгеге 2,4 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.