Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңестің үшінші отырысы болып өтті. Отырыс барысында Қоғамдық Кеңестің екі жұмыс тобы өздерінің атқарған жұмыстары жайында әңгімелеп, Кеңестің алдағы атқарар қызметіне шолу жасады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді кез келген қазақстандық азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты тікелей сұрақ қоя алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Telegram-да өзінің ресми ақпараттық арнасын іске қосты. Енді қазақстандықтарға зйейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайлы жаңалықтарды қарау оңай бола түседі.
2017 жылғы 31 наурыз - жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (Зейнетақы қоры) барлық филиалдарында «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» деген тақырыпта ашық есік күні өтті.
2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,71 трлн. теңге болды.
2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 421,25 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,99 мың бірлік болды.
Кеңес жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларының зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту және БЖЗҚ қызметін жетілдіруге қатысты маңызды мәселелер бойынша пікірлерін зерделеу мақсатында құрылды.
Одан басқа, Қор жанында құрылған бұл тәуелсіз кеңесші орган БЖЗҚ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, зейнетақы заңнамасын жақсарту бойынша сұрақтарды талқылау және халықтың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сеніміне қатысты күрделі мәселелерді анықтау үшін өзіндік бір алаңға айналады.
2017 жылғы 1 қаңтарда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 420 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мың бірлік болды. Зейнетақы жинақтарының негізгі үлесі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан тұрады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарымен бірге ЖЗШ-ның жалпы саны бойынша бірінші орында Алматы (1 680 135 ЖЗШ), екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы (956 737 ЖЗШ), үшінші орында Қарағанды облысы (823 897 ЖЗШ) тұр.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейді.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне:
«БЖЗҚ» АҚ 2016 жыл үшін салымшыларға (алушыларға) жыл сайынғы міндетті хабарлау науқанына дайындықты бастады. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат ақысыз негізде берілетінін, ал ақпарат алу тәсілін салымшының (алушының) өзі белгілейтінін естеріңізге сала кетейік.
2,6 миллионға жуық адам интернет байланысы (сайт арқылы немесе ENPF ұялы қосымша) арқылы өткен жылға үзінді көшірме ала алады. 2 миллионға жуық салымшы (алушы) пошта байланысы арқылы, оның ішінде 206 349 адам электрондық мекенжайына үзінді көшірме алады. Сонымен қатар әрбір салымшының (алушының) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға өзі барып, өтініш жасай отырып алуына болады.
Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,64 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 808,7 млрд. теңгеге көбейді (2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,83 трлн. теңгені құраған).
2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық ұқсас кезең үшін 7,5% құнсыздану деңгейінде 8,15% құрады.
Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн. теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жинақтары 737,4 млрд. теңгеге көбейді.
2016 жылы 10 ай ішінде түскен зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 566 млрд. теңге болды. Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтару жүзеге асырылуда. 2016 жылы 10 ай ішінде мұндай қайтарымдардың жалпы сомасы шамамен 146 млрд. теңге болды.
2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен 2017 жылға БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақысының шамасы:
инвестициялық табыс сомасынан 5,25%;
зейнетақы активтерінен айына 0,0225% мөлшерінде белгіленді.
«БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің есебінен қалыптасқан инвестициялық қоржынның құрылымы (http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/bd7/bd77d664b912aa3752d39fee8de016d9.pdf) және 2016 жылдың қыркүйек айы үшін «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ақпарат орналастырылған.
БЖЗҚ-ның әрбір 4-ші салымшысы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты алу тәсілі ретінде хабарлаудың электрондық тәсілін таңдады.
Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,5 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 668 млрд.теңгеге немесе 11,5% артты.
2016 жылдың 9 айында түскен зейнетақы жарналарының сомасы 510 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару жүзеге асырылуда. Осылайша, 2016 жылдың тоғыз айында мұндай қайтарулардың жалпы сомасы 145,7 млрд.теңгені құрады.
Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,41 трлн. теңгені құрады. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны шамамен 10,10 млн. бірлікті құрады, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,65 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны – 408 100 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 949 бірлік.
Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,35 трлн. теңгені құрады. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны – 405 713 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 075 бірлік.