Филиалды таңдаңыз:
01.01.2024ж. бастап 31.07.2024ж. аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 29,2 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 13,3 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 14,8 млн қызмет автоматты түрде, ал қашықтықтан шамамен 0,38 миллионы жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 689 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 663 мың қызмет ұсынылды.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 20,26 трлн теңгеден асып, жыл басынан бергі 7 ай ішінде 2,4 трлн теңгеге жуық (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі - 3,9 трлн теңге (немесе 23,7%).
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылдың 7 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі 1,38 трлн теңгеден асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 619,3 млрд теңгеге немесе 81,4% артық.
Белгілі экономистер Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сәйденов, Елена Бахмутова, Гүлфайрус Шайқақованың қатысуымен зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша қазақстандық сарапшылар тобының ұсыныстарын түсіндіруді жалғастыра отырып, Сіздерді шартты-жинақтаушы зейнетақыға қатысты сұрақтарға жауаптардың екінші топтамасымен таныстырамыз, ол сондай-ақ шұғыл шешімдер қабылдауды қажет ететін жүйелік мәселелер қатарына кірді.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) "2023 жылға актуарлық есебін" (бұдан әрі – Есеп) жариялады. Онда Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша кешенді актуарлық есептердің негізгі нәтижелері ұсынылған.
Мемлекеттік зейнетақы
Бұған дейін хабарлағанымыздай, республикада Қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған қазақстандық сарапшылар, атап айтқанда: Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова, Гүлфайрус Шайқақованың қатысуымен Мемлекет басшысына жүйенің тұрақтылығы мен қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандырудың лайықтылығын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірлеп, жолдады.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балаларға теңдей етіп бөлінеді. 2024 жылғы ақпан айында 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық балалар үшін БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар есептелді. Ал 18 жасқа 2024 жылы толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін жаңа цифрлық сервистерді қолданысқа енгізуді одан әрі жалғастыруда.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) «БЖЗҚ» АҚ-дағы жеке және шартты шоттарында шамамен 20 трлн теңге жинақталды. Жыл басынан бері 01.07.2024ж. дейін олардың өсімі 2,1 трлн теңгеден (11,8%) асты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының көлемі 3,9 трлн теңгеге жуық немесе 24,3% өсті.
2024 жылдың 6 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі 1,2 трлн теңгеден асып түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,1 есеге (немесе 638,4 млрд теңгеге) артық және жыл басынан бері 1,3 трлн теңге көлемінде аударылған жарналардың деңгейіне жуықтап қалды.
01.01.2024ж. бастап 30.06.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 26,3 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 11,4 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 14,0 млн қызмет автоматты түрде, шамамен 0,33 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 578 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 554 мың қызмет ұсынылды.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
"Halyk Finance" АҚ "БЖЗҚ" АҚ қатысуымен 2024 жылғы 26 шілдеде Zoom-да сағат 11: 00-де өтетін "Зейнетақы активтері: 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы" тақырыбында зейнетақы активтерін басқару туралы есептік вебинарға шақырады.
Қазақстанның зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен лайықтылығын арттыру бойынша сарапшылар тобының ұсыныстары көпшіліктің назарына ілігіп, кеңінен талқылануда.
Сарапшылардың құрамына: Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жамишев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сайденов, Елена Бахмутова секілді республикадағы қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында болған белгілі экономистер Гульфайрус Шайқақованың қатысуымен кірді.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы шамамен 1,3 млн АҚШ долларын құрайтын 12 921 өтінішті орындады (уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 686 мыңдай АҚШ долларына 6 842 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін шамамен 610 мың АҚШ долларына 6 079 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы өзіне тиесілі барлық соманы да, оның бір бөлігін де пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
01.01.2024ж. бастап 31.05.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 24,0 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 9,7 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 13,5 млн қызмет автоматты түрде, ал шамамен 0,3 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды. Күндізгі форматта 492 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 471 мыңға жуық қызмет ұсынылды.
2024 жылдың 5 айында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына бөлінген таза инвестициялық кіріс 631,3 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 138 млрд теңгеге (немесе 28%) артық.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 19,2 трлн теңгеден асып, жыл басынан бері 5 ай ішінде 1,4 трлн теңгеге (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 трлн теңгеден асты (немесе 21,5%).