Филиалды таңдаңыз:
Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлі банк қосымшаларын жиі пайдалануда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдістен қалыс қалмай, өз қызметтерін әр түрлі электрондық сервистерге ауыстырып жатыр. Осылайша Қор өз жүйесін мемлекеттік органдармен ғана емес, екінші деңгейдегі банк жүйелерімен де ықпалдастыруды қолға алды.
2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы 1,09 миллион теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 11 пайыз. Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1,2 млн теңге (2019 жылмен салыстырғанда өсім – 10 пайыз), ал әйелдерде – 949 мың теңге (өсім – 12 пайыз). Салымшылардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы – 509 мың теңге (өсім – 17 пайыз), ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 48,5 мың теңге.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері 2019 жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шоттарының иелерімен байланыс орнатты. Бұл бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген «ұйқыдағы» шоттар. Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.
2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету аясында жыл басынан бері 1 551 766 операция орындалды. Оның басым бөлігі, яғни 80,4 пайызы (1,25 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім - 2 пайыз. Дегенмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерін алу үшін Қор мамандарына жүгінгенді жөн санайды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында БЖЗҚ кеңселерінде Қазақстан бойынша орта есеппен күн сайын 9 мыңдай операция орындалды.
2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшін зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: - зейнет жасына толуға байланысты – 7,4 млрд теңге; - Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 4,8 млрд теңге; - сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,6 млрд теңге; - мұрагерлік бойынша – 2,5 млрд теңге; - жерлеуге байланысты – 311 млн теңге; - мүгедектігі бар жандарға – 200 млн теңге төленді.
2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негізгі көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгені құрап, бір жыл ішінде 16 пайызға өсті. Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан. Ал МЗЖ есебінен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгені құрады.
Зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған. Еске сала кетелік, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге қарай тегін алуға құқылы. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін дер кезінде рәсімдеу керектігі туралы тұрақты хабарлап тұрады. Бірақ соған қарамастан 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнет жасына толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар 174 235 адам әлі күнге дейін зейнетақы төлемдерін рәсімдемеген. Осылайша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10 604 764 131 теңгеге жетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылдың алдын ала қорытындысын шығаруда. Қазіргі уақытта аудит және Қордың қаржылық есептілігін тәуелсіз аудиторлық компания тарапынан растау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайдың қазірдің өзінде Қордың штаттық құрамына қатысты мынадай деректерді келтіруге болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үлгіде көрсететін қызметтерді белсенді түрде енгізуде. Өткен жылы бұл бағытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мысалы, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтердің 80 пайыздан астамы, яғни 13,6 миллионнан астам қызмет цифрлық технологиялардың көмегімен орындалды. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36 пайызға жоғары.
Қазақстанның маңызды қаржы институттарының бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылды қорытындылады. Былтырғы жылдың 12 айы барысында барлық көрсеткіштер оң сипатта дамыды. Нақты айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қордың зейнетақы жинақтары 10,8 триллион теңгеге жетті. Жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асты. Дәлірек – 10 672 567 бірлікті құрап, бір жыл ішінде 3 пайызға өсті. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған – 9,9 млн бірлік.
2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі – 10 798,31 млрд теңге болды. БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет» бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжетімді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жарналардың барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының саны 10,6 млн бірліктен асты.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) жалпыға белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59 жасқа, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 59,5 жасқа толғанда), I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың Қордан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинақтары есебінен арнайы кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендігін тағы да еске салады.
2019 жылдың 20 желтоқсанында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болып өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше-мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісімге қол қойды.
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті он үшінші отырысы Қордың 2019 жылдың 10 айы ішінде атқарған қызметі туралы есепті тыңдаудан басталды. «БЖЗҚ» АҚ қызметі бойынша негізгі көрсеткіштер оң сипатқа ие. 2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,6 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 13 пайызға немесе 1,2 трлн теңгеге өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында - «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта өткен студенттік жобалар байқауының қорытындысын шығарды. Бұл шараға барлық ниет білдіруші студенттер, мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатысуға мүмкіндік алды. Байқау Жастар жылы аясында өтті және Қазақстанның барлық қалаларында оған деген қызығушылық жоғары болды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында осымен төртінші жыл қатарынан Қаржы журналистикасы мектебінің қарқынды курсын өткізді.
Қазақстан жерінің көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие. Сәйкесінше шалғай орналасқан елдімекендердің тұрғындары үшін аудан немесе облыс орталықтарына барып, зейнетақы қызметтерін алу оңайға соқпайды. Алайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тығырықтан шығудың жолын тапты.