Филиалды таңдаңыз:
2018 жылдың алғашқы жартысында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 356,4 млрд теңге болды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 205,7 млрд теңге болған еді.
2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қор 20 проблемалық эмитенттермен жұмыс істеуде және олардың атаулы құны бойынша берешегінің жалпы сомасы 41,15 млрд теңгені құрады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторын қолдана отырып, салымшыларға болашақ зейнетақыны жоспарлау бойынша ақыл-кеңес беріп келеді
Зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, олардың ішінде шалғайда орналасқан кішігірім елдімекендердің тұрғындарына да қатысты. Сондықтан БЖЗҚ әрбір азаматқа зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш салып келеді.
БЖЗҚ 2018 жылдың 1 шілдесіне қарай салымшыға шот ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін алуға дейін оған электрондық форматта барлық негізгі қызметтерді көрсете алады
2018 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,4 триллион теңгені құрап, жыл басынан бері 663,6 млрд теңгеге немесе 9 пайызға өсті.
«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы және даму келешегі» тақырыбы бойынша үздік журналистік материалға байқау өткізетіндігін жариялайды.
Ел экономикасы мен зейнетақы жүйесін дамытудың маңызды шарттарының бірі – жұмыс істеуші тұрғындарды зейнетақы жүйесіне барынша тарту. Жыл сайын шамамен 6 миллион адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударады.
«БЖЗҚ» АҚ осымен үшінші рет БАҚ өкілдері, студенттер және блогерлер үшін зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы бойынша «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар және даму бағыттары» тақырыбында оқыту бағдарламасын өткізді.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп, «бір терезе» қағидатына сай қабылдау үшін композиттік қызмет енгізу мақсатында 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерінің есебін жүргізу, аудару, қайтару мәселелері бойынша ықпалдастықты реттейтін баптарға бірқатар толықтырулар енгізілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті.
Ақпараттық технологиялар Қордың алдында заманауи кезеңде тұрған стратегиялық міндеттерді шешу құралдарының ажырамас бөлігі. Қордың негізгі ақпараттық жүйелеріне зейнетақы жинақтарының жеке есебін жүргізу, зейнетақы жүйелерінің инвестициялық және бухгалтерлік есептерін жүргізу жүйелері жатады.
2018 жылдың 1 маусымына зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,26 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде (2017 жылдың мамыры мен 2018 жылдың мамыры аралығында) 1,27 трлн теңгеге немесе 18,1%-ға ұлғайды.
Қор ұйымдастырған «Ашық есік күніне» 600-ден астам салымшылар, алушылар мен зейнетақы саласы туралы кеңірек білгісі келген басқа да азаматтар қатысты.
«БЖЗҚ» АҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасы мәселелері, болашақ зейнетақыны жоспарлау, сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес беру мақсатында тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда
2018 жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 169,3 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83 пайыздан жоғары
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры танымал Telegram мессенджері үшін өзінің ботын іске қосты
БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі және жаңа жобаларды іске қосу - ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне айрықша көңіл бөлуді талап етеді.
БЖЗҚ Мобильдік кеңсесі іске қосылғаннан бері 10 күн ішінде еліміздің үш өңірінде 10-нан астам рет сапарға шықты
2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,97 трлн теңгені құрады