Филиалды таңдаңыз:
Зейнетақы активтерінің 2023 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдері.
enpf.kz сайтында 2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ зейнетақы активтерін басқару туралы есебі ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 16 073,63 млрд теңге. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 16 064,93 млрд теңге. Ал ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 8,7 млрд теңге.
2023 жылдың 6 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 571,2 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 233 млрд теңгеге немесе 68,9% артық.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға (алушыларға) жарты жыл ішінде (01.01.2023ж. бастап 01.07.2023ж. дейін) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 11,5 млн-нан астам үзінді көшірме берді. Оның ішінде 8,7 млн (75,8%) электрондық форматта, автоматты режимде – 2,5 млн (21,4%), Қор кеңселерінде – 281,2 мыңы (2,4%) беріліпті. Осылайша, ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі болып қала береді.
БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 шілдесіндегі негізгі көрсеткіштері.
2023 жылғы 1 шілдеге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 16,1 трлн теңге сомаға зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Жыл басынан бері 01.07.2023 ж. олардың өсімі 1,4 трлн теңгені (9,6%) көрсетті. Өткен жылдың ұқсас күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,7 трлн теңгеге (немесе 20,1%) өсті.
1. Қайырлы күн, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен емделуге және тұрғын үйге біржолғы зейнетақы төлемдерін ала аламын ба?
2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР қабылданған Әлеуметтік кодекске сәйкес тұрғын үйге және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ғана қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылатын болады.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылатын жерлеуге арналған біржолғы төлемге салық салу тәртібі туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №163, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №304 бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді іске асыру бойынша құзыретті органмен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының өзара іс - қимыл реттемесіне - (бұдан әрі – Реттеме) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Реттеме Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.03.2021 ж. № 62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 ж. №249 бұйрығымен бекітіліп, 26.05.2023 ж. күшіне енген.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) шамамен 3,6 трлн теңгеге 1 млн салымшыдан түскен 1,8 млн. жуық өтінішті орындады. Өздеріңізге белгілі, зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде тұрғын үйге және (немесе) емделу, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – ИПБ) басқаруына беру үшін шексіз рет пайдалана алады.
2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтарды көздейтін ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Олардың бір бөлігі салымшылардың өз активтерін басқару құқығын кеңейтуге қатысты.
Әлеуметтік кодекстің күшіне енуі қарсаңында Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі бірінші мәселе – ел үшін маңызы зор құжатты талқылау болды. Оның негізгі аспектілерін түсіндіру мақсатында Кеңес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованы шақырды. Вице-министр кодекстің басты новеллаларын жариялауға егжей-тегжейлі тоқталып, құрылымына назар аударды. Онда барлық тараулар ел азаматының туғаннан бастап қартайғанға дейінгі өмірлік цикліне сәйкес орналасқан.
2023 жылдың 5 айында (01.01.2023ж. бастап 01.06.2023ж. дейінгі кезеңде) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына шамамен 10,7 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде 7,4 млн (69,83%) – электрондық форматта, 2,4 млн (22,24%) – автоматты түрде, 277 мыңнан астамы (2,60%) – ақыл-кеңес түрінде қашықтан көрсетілетін форматта ұсынылды. Осылайша, отандастарымыз зейнетақы қызметтерінің шамамен 95% қашықтықтан алады.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекет басшысы 2023 жылғы 20 сәуірде қол қойған Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) күшіне енеді. Кодексте зейнетақы жинақтарының жай күйі туралы ақпарат алуға қатысты кейбір өзгерістер көзделген.
2023 жылғы 1 маусымға арналған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 846,7 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 15 833,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,08 млрд теңге.
"Ашық есік күні" Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл жолғы күн тәртібі – "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".
2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 493,4 млрд теңгеге жетті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік соңғы 12 айда 11,56% көрсетті.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 15,8 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес күнінен бастап ол шамамен 3,07 трлн теңгеге немесе 24% өсті.
"БЖЗҚ" АҚ қазақстандықтарды телефон арқылы алаяқтық жасап, азаматтардың дербес деректерін иемдену әрекеттерінің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - бұл агент (жұмыс беруші) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрлерінің 10% бөлігі. Бұл ереже еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қызметкерлерге қолданылады.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР Әлеуметтік кодексі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу мәселелерін реттейтін нормаларды қамтиды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі бағыттарының бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру. Осыған байланысты бірқатар жаңалықтарды іске асыру көзделген.