Филиалды таңдаңыз:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде, яғни 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл көрсеткіш 156,6 млрд теңгеге немесе 1% ұлғайды.
Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейін және олардың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шықты.
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қордың еліміз бойынша кеңселері бұрынғы кесте бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейін өз жұмысын қайта бастады.
Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қор кеңселері ішінара бұрынғы жұмыс кестесіне оралды. Мәселен, 2022 жылдың 14 қаңтарынан бері Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында, 17 қаңтардан бері Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы қызмет көрсету кеңселері әдеттегі кесте: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету тәртібін жандандырды.
БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы № 1042 қаулысымен (2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген өзгерістермен) бекітілген Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы Әдістемеге сәйкес зейнетке шыққан адамдарға төлемдер былайша есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі – 6,5% -ға көбейтіліп, одан кейін 12-ге бөлінеді. Нәтижесінде төлем алынатын бірінші жылы БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдер мөлшері есептеп шығарылады. Белгілі бір санаттағы алушылар: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен кемінде алпыс ай жинақталып, жұмыс істеген адамдар үшін зейнетақы төлемдерін есептеу әдістемесінде түзету ұлғайту коэффициенттері көзделген.
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 735 110 өтініші жүзеге асырылды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,4 млн теңге.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын Алматы қаласындағы Шевченко көшесі, 80-ші үйде орналасқан филиалдың, сонымен қатар Есік, Қапшағай, Қаскелең, Өтеген батыр, Талғар қалаларындағы және Ұзынағаш ауылындағы Алматы қаласына іргелес қызмет көрсету орталықтарының 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап жұмысы қайта жанданғанын хабардар етеді.
2021 жылдың 1 желтоқсанында басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,4 трлн теңге болды. ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 366,46 млрд теңгеге жетті. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,2 млрд теңгені құрады.
2021 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 709 894 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,4 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,4 млн теңге.
БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, әйелдердің зейнеткерлік жасын жыл сайын 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жарты жылға ұлғайта отырып), сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың, бекітілген кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың он бір айында (01.01.2021- 01.12.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 36,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,5% көп.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 13,4 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,4 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.12.2020ж. мен 01.12.2021ж. аралығындағы бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 648,8 миллиард теңгеге немесе 5% өсті, ал 2021 жылдың қаңтар айынан бері 455 млрд теңгеге немесе 4 пайызға өсті.
2021 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Заңға сәйкес азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы берілді.
Зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған.
2021 жылдың 25 қарашасындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 516 743 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2 трлн теңгеден астам қаражат аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 3,9 млн теңге. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 25 қаңтары мен ақпаны аралығында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында аударылған зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 5,3 млн теңгені құраған болатын.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 13,2 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұртшылық арасында жүргізетін қарқынды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының аясында алтыншы жыл қатарынан қаржы журналистикасы мектебінің курсын өткізіп келеді. Ондағы мақсат – халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, БЖЗҚ қызметі, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер жайлы хабардар етіп отыру.