Филиалды таңдаңыз:
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушыларға шамамен 4,2 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ келіп түскен 2 689 өтініштің 1994-ін орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,1 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша егжей-тегжейлі статистика enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» – «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру» бөлімінде жарияланып отырады.
enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша инвестициялық қызметке жалпы шолу орналастырылған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 12,7 триллион теңгеден асты. Бәрімізге белгілі, бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2021 жылдың 24 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 331 595 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,5 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,6 млн теңге.
2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.06.2020 жылдан бастап 01.06.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 1 триллионнан аса теңгеге немесе 9% өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бері тек бес ай ішінде, яғни 01.01.2021-01.06.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 17,6 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41% көп.
«Ашық есік күні» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Алайда коронавирус (Covid-19) індетіне байланысты салымшылармен қазір Қор филиалдарында бетпе-бет кездесу өткізу мүмкін емес. Сондықтан БЖЗҚ қызметкерлері оны кезекті рет виртуалды кеңістікте өткізді.
Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуіне, сондай-ақ, БЖЗҚ-да көрсетілетін зейнетақы қызметтерінің жетілдірілуіне байланысты БЖЗҚ-ның корпоративтік сайты да үнемі жаңартылып, ондағы онлайн-қызметтердің тізімі кеңейтіліп, салымшылар мен алушыларға ақпараттық қолдау көрсету күшейтілуде.
2021 жылдың 17 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ 322 046 салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 323 361 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,5 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,6 млн теңге.
2021 жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 313 411 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,4 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,6 млн теңге.
2021 жылдың 4 маусымында Алматыда «Әлеуметтік қызметтер үйінің» ашылу рәсімі өтті. Бұл жобада мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының жұмысы біріктірілген, олардың мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру.
2021 жылдың 3 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 303 077 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,4 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,7 млн теңге.
27 және 28 мамырда «Кәсіби актуарийлер қауымдастығы» және «Актуарийлер гильдиясы қауымдастығы» қолдауымен жыл сайын өткізілетін 5-ші Мәскеу «МАФ-2021» актуарлық форумы өтті.
enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ 2021 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық қызметке жалпы шолу орналастырылған.
2021 жылдың 1 мамырында зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 12,6 трлн теңге болды. Бұл ретте БЖЗҚ-ның ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 12 593,67 млрд теңгені құрады. Салымшылардың қазақстандық басқарушы компанияларға аударған БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері 2,8 млрд теңгеден асты.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап 01.01.2021-01.05.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 15 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39% артық.
2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 292 520 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 1,4 трлн теңге аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 4,7 млн теңгеден аса соманы құрады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 12,6 триллион теңгеден асты. Бәрімізге белгілі, бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.05.2020 жылдан бастап 01.05.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1 триллион теңгеге немесе 8% өсті.
2021 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 280 709 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,3 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 4,7 млн теңгеден аса соманы құрады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайтында қашықтан беруге болатын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштер түрлерінің желісі кеңейтілді. Бұл қызметті енді БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылардың төмендегі санаттары да пайдалана алады: