Филиалды таңдаңыз:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайтындағы «Әлемнің зейнетақы жүйелері» бөлімінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар елдердің негізгі көрсеткіштеріне шолу жарияланған. Онда «БЖЗҚ» АҚ мамандары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен Қазақстанды салыстырды. Негізге ЭЫДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және БЖЗҚ статистикалық деректері алынды.
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттанудың өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шараларымен он төрт күндік карантин енгізілді.
Қазіргі уақытта техникалық қателіктердің орын алуына байланысты корпоративтік сайтта да, ұялы қосымшада да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Жеке кабинетінде қайта тіркелу үшін бір реттік СМС-пароль жіберілмейді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «БЖЗҚ» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалы атауының «БЖЗҚ» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалы» болып өзгертілгенін, орналасқан жерінің Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би көшесі, 45 мекенжайы бойынша өзгертілмей ауыстырылғаны туралы хабарлайды.
Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілді және салымшының жеке қатысуы талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтініш ресімдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ.
Қазақстанның кейбір қалаларында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты жалғасып жатқан карантинге қарамастан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қызметтерді толық көлемде алуда.
Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 20 млрд теңгеден астам, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 134 млн теңгені құрады.
2020 жылдың алғашқы бес айында Қор 209 213 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 62,4 миллиард теңгеге 794 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттардың саны 1 миллион бірлікке жуық ұлғайды. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса, 1 маусымда бұл көрсеткіш 11,6 миллионға (11 682 546) жетті.
Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейін анықтайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шығарылды.
Қазақстанда соңғы аптада осыған дейін енгізілген карантиндік шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау басталды. Бұл ретте коронавирустық инфекция (COVID-19) таралуының ағымдағы жағдайын және республикамыздың кейбір қалаларында сақталып отырған карантинді ескерудің маңызы зор. Осыған байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бес өңірлік филиалы (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары) мен Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалда Қордың салымшылары мен алушыларына күндізгі қызмет көрсету нысанына біртіндеп көшудің басталғанын хабарлайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы қазіргі уақытта 12 триллион теңгеге жуық. Бәрімізге белгілі, зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұрады.
2020 жылдың 1 мамырына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 11 460 521 бірлік болды. 2020 жылдың қаңтар – сәуір айларындағы жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 978 170 бірлікке көбейді, оның ішінде 1 034 627 жаңа шот ашылды.
Еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны сәтті атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзі болып қалды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы Қор сайтындағы ең танымал сервистердің бірі – Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі аясындағы мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы сияқты барлық құрамдауыштарын қамтиды.
2020 жылдың 1 мамырына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметтерінің 90% электрондық форматта орындады. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен карантинге қарамастан БЖЗҚ салымшыларына көрсетілген қызметтердің саны азаймақ түгілі 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда анағұрлым көбірек болды. Мұндай жетістікке электрондық форматта қызмет көрсетудің орнықты жүйесі арқылы қол жеткізілді.
БЖЗҚ тағы да жалған ақпараттың таратылуына тап болды. Электрондық пошта және мессенджерлер арқылы БЖЗҚ-ның жеке тұлғаларға ақшалай өтемақы төлеу туралы шешім қабылдағаны туралы телефонограмма жіберілуде. Өтемақы рубльмен тағайындалыпты-мыс.
2020 жылдың 1 мамырына Қор жалпы алғанда 199 381 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда 670 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 52,6 миллиард теңге аударылды, оның ішінде:
Қазақстандағы маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы жинақтары 01.05.2019 жылдан 01.05.2020 жылға дейін 1,9 триллион теңгеге немесе 19%-ға ұлғайды. Осылайша зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгеден асты.