Филиалды таңдаңыз:
- Жақында мен еңбек сіңірген демалысым – зейнетке шығамын. Зейнетақы алу үшін қайда жүгінсем болады?
Мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақыны, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бар болса) есебінен зейнетақы төлемдерін алу мақсатында сіз зейнет жасына толған кезде тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) бірыңғай өтінішпен, оның ішінде жеке басыңызды куәландыратын құжатпен, банктегі шотыңыз туралы мәліметтермен бірге жүгінуіңіз керек.
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткен жағдайлары туралы хабарлайды.
2023 жылғы қаңтарда есептелген зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 5,4 есеге артып, 66,4 млрд теңгеге жетті.
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп жарияланған. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. Бұрын хабарланғандай, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 14,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 845,94 млрд теңгеге тең. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,57 млрд теңгені құрады.
2023 жылғы қаңтарда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына шамамен 2,6 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде 1,6 млн - электрондық форматта, 780,5 мың – автоматты түрде, 60 мыңнан астамы қашықтан кеңес беру түрінде ұсынылды. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 95% қашықтықтан алады.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 14,9 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері ол шамамен 1,8 трлн теңгеге немесе 13,4% ұлғайды.
Жасыратыны жоқ, көптеген азаматтарымыз әлі күнге дейін зейнетақы жарналарына міндетті, бірақ «көзбен көріп, қолға ұстай алмайтын» төлем ретінде қарайды. Тіпті «қаржымыз тұтастай жоғалып кетті, біреу зейнетақы жинақтарын иемденіп алды» және тағы басқа да көптеген үрейге бой алдырып, орынсыз күмәнға беріліп жатады. Мұндай салғырттық пен жағымсыз болжамдар қайдан пайда болды? 90-шы жылдары дефолтқа ұшыраған, банктердегі жинақталған қаражатынан айрылып, қаржылық күйзелістерге ұшыраған аға буынның мұндай ойға берілуі орынды да шығар.. Ал жастар ше? Олар көпшілікті қолдап немесе білместікпен күмәнданатын сияқты. Біз бұлай уайымдаудың қаншалықты орынды екенін зерттеп көрдік...
Егер азамат зейнетке шығып, төлем ала бастаған болса, оның БЖЗҚ-дағы жинақтарының инвестициялануы тоқтап қалмай ма?
Салымшы зейнет жасына толғаннан кейін салымшының жеке зейнетақы шотына соған дейін түскен барлық ақша, оның ішінде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ, сондай-ақ оларға есептелген инвестициялық табыс, өсімпұл және өзге де түсімдер бұрынғысынша оның зейнетақы активтерінің бір бөлігі болып есептеледі және оны " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі инвестициялайтын болады.
«БЖЗҚ» АҚ өз қызметтерінің қолжетімділігін үнемі жетілдіріп келеді. «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық – Қор салымшыларымен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің бірі.
Енді зейнетақы төлемдерін тағайындау және деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш берген кезде өтінішке QR-кодтың көмегімен қол қоюға болады.
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп ұсынылды.
2023 жылғы 1 қаңтарға зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – шамамен 14,7 трлн теңге. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 621,89 млрд теңге, ал ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,36 млрд теңге болды.
БЖЗҚ қызметтері республиканың барлық аймақтарында: ірі қалаларда да, шағын елді мекендерде де қолжетімді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қордың өңірлік құрылымына республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) және 15 облыс орталықтарындағы 18 филиал кіреді.
БЖЗҚ-ның зейнетақы қызметтерін Қор кеңсесіне келіп, enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы немесе eGov. kz электрондық үкімет порталы арқылы кез келген ыңғайлы, түсінікті және қолжетімді форматта алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылар көбіне цифрландыруға басымдық береді: Қор қызметтерінің 93% жуығы халыққа онлайн немесе автоматты режимде көрсетіледі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2023 жылғы 1 қаңтарға 14,7 трлн теңге болды.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,7 трлн теңгені құрады. Айта кету керек, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,6 трлн теңгеге (немесе 12,2%) өсті. Салыстырып қарасақ, 2021 жылы зейнетақы жинақтарының өсімі тек 1% құрады. Бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму қарқыны, зейнетақы жинақтарының өсуі жыл сайын 15%-дан 20%-ға дейін болған кезде зейнетақы жинақтарының баламалы мақсаттарға айтарлықтай алынуына дейінгі кезеңдердің көрсеткіштеріне жоспарлы түрде қайтарылатынын білдіреді.
enpf.kz сайтындағы салымшының/алушының Жеке кабинетіне БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне қатысты жаңа қызмет енгізілді. Енді әрбір зейнетақы төлемдерін кесте бойынша алушыға жүзеге асырылған және алдағы кезеңге жоспарланатын зейнетақы төлемдерінің сомалары туралы ақпарат қолжетімді.
Әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы жинақтарының 50% алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды!
Келісім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Оның негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше-мемлекеттер еңбекшілерін жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарымен бірдей шарттарда және тәртіпте зейнетақы құқықтарымен қамтамасыз етуді қалыптастыру және іске асыру.
01.01.2023 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай төлем енгізілді.
Салық кодексіне 2023 жылдан бастап "Бірыңғай төлем" 89-1 жаңа тарауы қосылды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды.