Филиалды таңдаңыз:
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекет басшысы 2023 жылғы 20 сәуірде қол қойған Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) күшіне енеді. Кодексте зейнетақы жинақтарының жай күйі туралы ақпарат алуға қатысты кейбір өзгерістер көзделген.
2023 жылғы 1 маусымға арналған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-ның зейнетақы активтерін басқару туралы есептері ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 846,7 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 15 833,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,08 млрд теңге.
"Ашық есік күні" Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл жолғы күн тәртібі – "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".
2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 493,4 млрд теңгеге жетті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік соңғы 12 айда 11,56% көрсетті.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 15,8 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес күнінен бастап ол шамамен 3,07 трлн теңгеге немесе 24% өсті.
"БЖЗҚ" АҚ қазақстандықтарды телефон арқылы алаяқтық жасап, азаматтардың дербес деректерін иемдену әрекеттерінің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - бұл агент (жұмыс беруші) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрлерінің 10% бөлігі. Бұл ереже еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қызметкерлерге қолданылады.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР Әлеуметтік кодексі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу мәселелерін реттейтін нормаларды қамтиды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі бағыттарының бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру. Осыған байланысты бірқатар жаңалықтарды іске асыру көзделген.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Онда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтар қамтылған.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар жаңалықтар қарастырылған.
БЖЗҚ 1 млн-ға жуық өтініш берушіден 3,5 трлн теңгеден астам сомаға тұрғын үй сатып алу және (немесе) емделу мақсатындағы 1,7 млн. астам өтінішті орындады. Естеріңізге сала кетейік, азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сома шегінде шексіз рет пайдалана алады.
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді, онда зейнетақы жүйесіне қатысты бірқатар өзгертулер қарастырылған.
Салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейеді
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 24-отырысында төмендегі мәселелер қаралды:
1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерін шақыра отырып, 2023 жылғы 1 шілдеде күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін талқылау.
2) «БЖЗҚ» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасы.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, деректер қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын ұстанады.
2022-2023 жылдардағы киберқауіпсіздікті күшейту шеңберінде ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірқатар ақпараттық жүйелер енгізілді. Бұл инновациялар кибершабуылдарға тойтарыс бере алатын және веб-серверлерді, байланыс арналарын және ақпараттық ресурстарды DDoS шабуылдарынан қорғау жүйесінен, жұмыс станциялары мен құрылғылардағы зиянды әрекеттерді анықтау және зерттеу жүйесінен және қауіптерді анықтау және талдау үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесінен тұрады. Сондай-ақ, Қордың ақпараттық жүйелері мен сервистерін қорғаудың тиімділігін едәуір арттыратын екі факторлы түпнұсқаландыру жүйесі енгізілді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға (алушыларға) ағымдағы жылдың 4 айында (01.01.2023 ж.бастап 01.05.2023 ж. дейінгі кезеңде) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 8,3 млн үзінді көшірме берді. Оның ішінде 6,09 млн (73,3 %) – электрондық форматта, 1,99 млн (24%) – автоматты режимде, 193,5 мыңы (2,3%) – Қор кеңселерінде, барып қызмет көрсету арқылы 28,9 мың (0,3%). Осылайша, ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі болып есептеледі.
Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі БЖЗҚ-ға сілтеме жасай отырып, ағымдағы жылдың келесі айының 1-ші күнінен бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат жариялады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды!
Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі БЖЗҚ-ға сілтеме жасай отырып, ағымдағы жылдың келесі айының 1-ші күнінен бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат жариялады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды!
2023 жылдың 4 айында БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына 469,04 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 340,32 млрд теңгеге немесе 3,6 есеге артық.
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 мамырдағы негізгі көрсеткіштері
2023 жылғы 1 мамырға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтары 15,68 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан 01.05.2023 ж. дейінгі өсім 1 трлн теңге (6,9%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,74 трлн теңгеге (немесе 21,1%) өсті.
Өсім жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түріндегі, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы - тұрғын үй мен емделу, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және т. б. мақсаттағы шығыс ағындары есебінен қалыптасты.