Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, деректер қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын ұстанады.
2022-2023 жылдардағы киберқауіпсіздікті күшейту шеңберінде ақпараттық ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірқатар ақпараттық жүйелер енгізілді. Бұл инновациялар кибершабуылдарға тойтарыс бере алатын және веб-серверлерді, байланыс арналарын және ақпараттық ресурстарды DDoS шабуылдарынан қорғау жүйесінен, жұмыс станциялары мен құрылғылардағы зиянды әрекеттерді анықтау және зерттеу жүйесінен және қауіптерді анықтау және талдау үшін ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесінен тұрады. Сондай-ақ, Қордың ақпараттық жүйелері мен сервистерін қорғаудың тиімділігін едәуір арттыратын екі факторлы түпнұсқаландыру жүйесі енгізілді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға (алушыларға) ағымдағы жылдың 4 айында (01.01.2023 ж.бастап 01.05.2023 ж. дейінгі кезеңде) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 8,3 млн үзінді көшірме берді. Оның ішінде 6,09 млн (73,3 %) – электрондық форматта, 1,99 млн (24%) – автоматты режимде, 193,5 мыңы (2,3%) – Қор кеңселерінде, барып қызмет көрсету арқылы 28,9 мың (0,3%). Осылайша, ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі болып есептеледі.
Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі БЖЗҚ-ға сілтеме жасай отырып, ағымдағы жылдың келесі айының 1-ші күнінен бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат жариялады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды!
Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі БЖЗҚ-ға сілтеме жасай отырып, ағымдағы жылдың келесі айының 1-ші күнінен бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат жариялады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды!
2023 жылдың 4 айында БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына 469,04 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 340,32 млрд теңгеге немесе 3,6 есеге артық.
БЖЗҚ-ның 2023 жылғы 1 мамырдағы негізгі көрсеткіштері
2023 жылғы 1 мамырға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтары 15,68 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан 01.05.2023 ж. дейінгі өсім 1 трлн теңге (6,9%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 2,74 трлн теңгеге (немесе 21,1%) өсті.
Өсім жарналар мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс, сондай-ақ, зейнетақы төлемдері түріндегі, оның ішінде кесте бойынша және біржолғы - тұрғын үй мен емделу, мұрагерлік, жерлеу, тұрақты тұруға кету және т. б. мақсаттағы шығыс ағындары есебінен қалыптасты.
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ зейнетақы активтерін басқару туралы есебі ұсынылды. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 677,57 млрд теңге. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 15 668,2 млрд теңге, ал ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,37 млрд теңге.
Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі салымшыларға (алушыларға) зейнетақы капиталын жоспарлауға және еңбек қызметі аяқталғаннан кейін өзінің материалдық жағынан қамсыз болуына барған сайын көбірек мүмкіндіктер жасауда. Активтерді басқару саласында да бәсекелес орта қалыптастырылуда. Салымшылар енді түрлі инвестициялық стратегиялар арасынан таңдау жасай отырып, жинақтарын өздері қалаған инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аудара алады. Зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда, оларды зейнеткерлік жасқа дейін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге пайдалануға болады. Ең көреген салымшылар (алушылар) өздерінің болашақ зейнетақыларын қалыптастыру кезінде жарналардың міндетті түрлеріне қосымша ерікті жарналарды да қосады.
Сақтандыру компаниялары мен активтерді басқарушылар арасындағы әлемдік көшбасшы Allianz өзінің Жаһандық зейнетақы есебінің (API) жаңа басылымын шығарды. Онда әлем бойынша 75 зейнетақы жүйесін талдау нәтижесінде Қазақстанның зейнетақы жүйесіне 3,5 балдық API рейтингі берілді. Осылайша қазақ елі ТМД бойынша көршілес, сондай-ақ Испания, Чили, Сингапур, БАӘ және басқа мемлекеттерден озып кетті. Бұл нәтижелер Қазақстанның зейнетақы жүйесі Allianz компаниясы талдау жүргізген басқа елдермен салыстырғанда зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығы мен ақылға қонымдылығы бойынша орташа деңгейден сәл жоғары екенін білдіреді.
БЖЗҚ жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен (Мемлекеттік корпорация) бірлесіп, зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ БЖЗҚ-ға төлем үшін жүгінбеген адамдарды анықтау тұрғысынан салыстырып тексеруді жүргізеді.
1 миллионға жуық бірегей өтініш берушілер зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге пайдаланды. Өздеріңізге белгілі, зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға шектеусіз рет пайдалана алады.
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына):
міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі,
ерікті зейнетақы жарналары және тобы мен мерзіміне қарамастан мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебінен белгіленген кесте бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екені туралы хабарлайды.
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жіберу жағдайларының жиілеп кеткені туралы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 23-отырысы өтті.
Күн тәртібінде ҚР Ұлттық Банктің сенімгерлік басқарушы ретінде ұсынған зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есебі қаралды.
Азаматтардың БЖЗҚ бөлімшелеріне өздері келіп өтініш білдіруін талап етпейтін электрондық қызметтер еліміз бойынша барынша танымал болуда. Олар қол жетімді әрі ыңғайлы. Көптеген салымшылар осы қызмет түрлерін enpf.kz. сайтындағы Жеке кабинетте немесе ұялы қосымшада 24/7 режимінде пайдалануды жөн көреді.
enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп ұсынылған. Зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы толық есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріледі. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15 401,08 млрд теңге болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 15 391,36 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,72 млрд теңге.
2023 жылғы қаңтар-наурыз аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 336,3 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 40,5 млрд теңге немесе 14% артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік соңғы 12 айда 6,63% болды.
БЖЗҚ-ның 2023 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштері.
Жыл сайын өсіп келе жатқан зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің орнықтылығы мен сенімділігін дәйектей отырып, қаржылық қауіпсіздік алаңын қалыптастыруда.
1. Зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде аударымдар сомасы 2013 жылдан басталады. Ал оған дейінгі жылдарда жасалған аударымдар туралы ақпаратты қалай алуға болады?
БЖЗҚ 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының ("МЖЗҚ" ЖЗҚ" АҚ) базасында құрылды. Барлық жеке қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелері БЖЗҚ-ға берілді.
Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді.
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға түрлі байланыс арналары арқылы қызмет көрсетеді. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет (бұл туралы мына жерден оқи аласыз)