Филиалды таңдаңыз:
2022 жылдың 1 желтоқсанына қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 трлн теңгеден (немесе 10,2 %) артық көрсеткішке ие.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті 21 отырысында күн тәртібіндегі мынадай мәселелер қаралды:
1) «БЖЗҚ» АҚ-ның 2022 жылғы 9 айдағы қызметі туралы есебі.
2) Қоғамдық кеңестің БЖЗҚ мен ҚРҰБ-қа жіберген ұсыныстарына қатысты жүргізілген жұмыс туралы ақпарат.
3) Акциялары зейнетақы активтері портфеліне орналастырылған эмитент акционерлерінің жалпы жиналыстарына БЖЗҚ-ның қатысуы туралы ақпарат.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың 1 қазанына БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 14,1 трлн теңгеден астам зейнетақы жинақтары бар.
Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) 1927 жылы Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен құрылды және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекемелерді, ұйымдар мен ведомстволарды біріктіретін халықаралық жетекші ұйым болып табылады. Ұйымның штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария) орналасқан, оған әлемнің 150 елінде 320-дан астам мүшелік ұйым тіркелген. БЖЗҚ 2015 жылғы 1 мамырдан бастап ХӘҚҚ-ға мүше.
2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 340 016 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 3,2 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге. Алайда бұл көрсеткіш әр аймақта әртүрлі екенін атап өткен жөн. Мысалы, Маңғыстау облысының тұрғындары орта есеппен 3,8 млн теңгені, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 1,2 млн теңгені пайдаланған.
Заңнама талаптарына сәйкес, БЖЗҚ жаңа жыл басталғанға дейін бір ай бұрын 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қор сайтында жариялады. Атап кету керек, 2023 жылға белгіленген ТЖШ жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.
БЖЗҚ зейнеткерлік жасқа толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ зейнетақы төлемдерін алу үшін Қорға жүгінбеген қазақстандықтарды мақсатты түрде хабардар етті.
enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы ай сайынғы егжей-тегжейлі есебі, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылған.
Осыған дейін хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,15 трлн теңгеден асты. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 135,78 млрд теңге. Ал ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,06 млрд теңге.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 10 айында (01.01.2022 - 01.11.2022 аралығындағы кезеңде) салымшылар мен алушыларға жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 22,6 млн үзінді көшірме берді. Оның 17,8 млн (78,5%) электрондық форматта берілді. Үзінді көшірме беру - БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі.
БЖЗҚ жыл сайын ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған семинарлар өткізіп келеді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қарашада 14,1 трлн теңге болды. Жыл басынан есептелген инвестициялық табыс - 672,6 млрд теңге. Зейнетақы активтері бойынша ҚР Ұлттық Банкі қамтамасыз еткен соңғы 12 айдағы кірістілік (2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін) - 5,97%.
БЖЗҚ-ның 2022 жылғы 1 қарашасындағы негізгі көрсеткіштері.
2022 жылдың 1 қарашасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 14,15 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1 трлн теңгеден (немесе 8,2 %) асты.
БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күндеріне қатысуға шақырады.
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні БЖЗҚ кезекті «Ашық есік күндері» шарасын өткізеді. Кездесу тақырыбы – «Цифрлық БЖЗҚ».
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің «БЖЗҚ» АҚ-ға ақпаратты ұсынбағаны үшін 100 АЕК мөлшерінде салынған айыппұлға қатысты хабарламасы бойынша БАҚ-та таратылған ақпаратқа қатысты төмендегіні хабарлаймыз.
2022 жылғы 16 қарашада «БЖЗҚ» АҚ мен «Halyk Finance» Қазақстан Халық банкі ЕҰ» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалды. Кастодиан-банк «First Heartland Jusan Bank» АҚ болып белгіленді.
Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың ең сұранысқа ие тәсілі –
электрондық әдіспен Жеке кабинет арқылы алу
Жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) аударымдарды қадағалау қажеттілігі бар ма? Мұны қаншалықты жиі және қалай жасау керек?
БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйін тұрақты негізде қадағалауды, оның ішінде Қордағы жеке зейнетақы шотына жұмыс берушіден жалақыңыздан 10% мөлшерде ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы түсуіне назар аударып отыруыңызды ескертеді. Өкінішке орай, жұмыс берушінің өз міндеттемелерін толық орындамайтын немесе мүлде орындамайтын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан өз жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін жүйелі түрде тексеріп отырғаныңыз артық етпейді.
Міне, осымен алтыншы жыл қатарынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, БЖЗҚ қызметтері, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің қарқынды курсын өткізіп келеді.
2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 336 516 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын алу қарқыны төмендеп келеді. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында 7,5 млрд теңге сомасына 2 993 өтініш орындалды. Салыстыру үшін, 2021 жылдың қазан айында 87,8 млрд теңге сомасына 35 434 өтініш орындалды.
2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері.
enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы ай сайынғы егжей-тегжейлі есебі, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылған.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қазанға 14,1 трлн теңгеден асты. Осы сомадан жүзеге асырылған төлемдерді ескергендегі зейнетақы жинақтарындағы жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 36,7% - құрайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың 9 айында ғана (01.01.2022-01.10.2022 жылдар аралығында) өз салымшыларына 24,1 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде электрондық форматта – 16,5 млн, автоматты форматта - 5,8 млн және күндізгі форматта - 1,2 млн қызмет көрсетілді. Қызметтердің жалпы көлемінің 93% жуығы қашықтан: БЖЗҚ сайтында немесе ұялы қосымшасында, сондай-ақ өтінішсіз режимде көрсетілді.