Филиалды таңдаңыз:
Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуде. Бүгінде жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін еGovMobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 867 853 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,7 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,1 млн теңге.
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 096,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 7,7 млрд теңгеге жетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңге болды. Бұл қаражат зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші айында өз салымшыларына 3,2 миллион қызмет көрсетті.
БЖЗҚ қызметтерінің 94% астамын індет кезеңінде ыңғайлы, жедел және қауіпсіз болып табылатын онлайн тәртібінде көрсетуде. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметтерін ала алады. Онлайн қызметтердің 2,1 миллионнан астамы немесе жалпы көлемнің 66,5% БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілген.
БЖЗҚ-ның 2022 жылдың 1 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 12,7 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 367,8 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 млрд теңге.
БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мен алушысының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына келіп түсетін жарналар мен есептелетін инвестициялық кірістен құралады.
Жаңа алаяқтық айла-шарғы пайда болды. БЖЗҚ салымшылары өздерін Қор қызметкеріміз деп таныстырған делдалдардан қолқа түскенін хабарлауда. Олар ақшасын төлесеңіз тұрғын үйге немесе емделуге зейнетақы жинақтарын алып беруге көмектесеміз деп уәдені үйіп төккен. Қордың 30-ға жуық салымшысы осы заңсыз әрекеттердің құрбаны болды.
БЖЗҚ 2021 жылдың қорытындысы бойынша өз салымшыларын (алушыларын) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы хабардар ету науқанын бастады.
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 781 736 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,2 млн теңге.
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 046,57 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,5 млрд теңгеге жетті.
2022 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорындағы (ҚДКБҚ) кепілдік берілген депозиттер бойынша бір жыл бойы талап етілмеген кепілдік өтем қаржысы ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аудару үшін БЖЗҚ-ға аударылатын болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылы (01.01.2021- 01.01.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 40,5 миллион қызмет көрсетті. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,2% көп.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеге жетті. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде, яғни 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл көрсеткіш 156,6 млрд теңгеге немесе 1% ұлғайды.
Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейін және олардың «БЖЗҚ» АҚ-ға деген сенім дәрежесін айқындайтын жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің қорытындысы шықты.
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қордың еліміз бойынша кеңселері бұрынғы кесте бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейін өз жұмысын қайта бастады.
Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай тәртібінің тоқтатылуына байланысты Қор кеңселері ішінара бұрынғы жұмыс кестесіне оралды. Мәселен, 2022 жылдың 14 қаңтарынан бері Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында, 17 қаңтардан бері Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы қызмет көрсету кеңселері әдеттегі кесте: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету тәртібін жандандырды.
БЖЗҚ-дан төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы № 1042 қаулысымен (2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген өзгерістермен) бекітілген Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы Әдістемеге сәйкес зейнетке шыққан адамдарға төлемдер былайша есептеледі: зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесі – 6,5% -ға көбейтіліп, одан кейін 12-ге бөлінеді. Нәтижесінде төлем алынатын бірінші жылы БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдер мөлшері есептеп шығарылады. Белгілі бір санаттағы алушылар: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен кемінде алпыс ай жинақталып, жұмыс істеген адамдар үшін зейнетақы төлемдерін есептеу әдістемесінде түзету ұлғайту коэффициенттері көзделген.