Филиалды таңдаңыз:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 13,0 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
1 сәуірдегі БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.04.2021ж. мен 01.04.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 380,5 млрд теңгеге немесе 3,0% ұлғайды.
2021 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің enpf.kz корпоративтік сайтында Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2022-2026 жылдарға арналған жаңартылған Корпоративтік даму cтратегиясын жариялады. Ілкідегі Корпоративтік стратегия 2017 жылы бекітіліп,ондағы БЖЗҚ-ның 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттері орындалған болатын. Бүгінгі жарияланымда Қордың соңғы бес жылда атқарған жұмысына толығырақ тоқталамыз. Әрине, оның барлығын шағын мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ өткен жылдардағы ең есте қаларлық оқиғаларды атап кетелік.
2022 жылдың 1 мамырынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-да (ҚДКБҚ) бір жыл ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем ақшасы БЖЗҚ-да депозит иелерінің атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) аударылатын болады.
2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 317 739 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
2022 жылдың 31 наурызында 23 сағат 59 минутқа дейін уәкілетті операторлардан келіп түскен тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы өтініштерді өңдеудің аяқталуына байланысты enpf.kz сайты мен БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қолжетімді сома туралы ақпарат 1 сәуір операциялық күні бойы өзектендірілді.
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың екі айында (01.01.2022-01.03.2022 аралығында) өз салымшыларына 6,6 миллион қызмет көрсетті.
БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мен алушысының зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотына келіп түсетін жарналар мен есептелетін инвестициялық кірістен құралады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 13,6 триллион теңге болды. Бұл қаражаттың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
1 наурыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,6 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2021ж. мен 01.03.2022ж. аралығындағы бір жыл ішінде бұл қаражат 965,5 млрд теңгеге немесе 7,7%, ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 515,1 млрд теңгеге немесе 3,9% ұлғайды.
БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделудің ақысын төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалануға құқылы.
БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл жолы Қор ыңғайлы және уақтылы шығатын «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгеріп, тиісінше тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға қолжетімді қаражаттың өзгеретініне байланысты, біз жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар дайындадық.
Зейнетақы қызметтерін ұсынуды жақсарту мақсатында БЖЗҚ «Заңды тұлғаның кабинеті» деген жаңа жобаны іске қосты, бұл жоба жұмыс берушіге қызметкерлердің зейнетақы аударымдарын оңай әрі жеңіл аударуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуде. Бүгінде жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін еGovMobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 867 853 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,7 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,1 млн теңге.
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 096,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 7,7 млрд теңгеге жетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңге болды. Бұл қаражат зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бірінші айында өз салымшыларына 3,2 миллион қызмет көрсетті.
БЖЗҚ қызметтерінің 94% астамын індет кезеңінде ыңғайлы, жедел және қауіпсіз болып табылатын онлайн тәртібінде көрсетуде. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметтерін ала алады. Онлайн қызметтердің 2,1 миллионнан астамы немесе жалпы көлемнің 66,5% БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілген.