Филиалды таңдаңыз:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақы төлеу үшін, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқықтары бар.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ертең, яғни 7 қаңтар күні Қордың барлық бөлімшелері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін толық жұмыс істейтінін хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын алады.
Эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық індетке (COVID-19) байланысты БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің он бесінші отырысы онлайн-форматта өтті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 11 айы ішінде өз салымшыларына 17,4 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 10,9% немесе 1,7 млн. бірлікке артты.
2020 жылдың 1 желтоқсанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 342 720 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 172,1 миллиард теңгеге 2,1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.
2020 жылдың 1 желтоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Ағымдағы жылдың басынан бері, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.12.2020 жылға дейін сома 1,9 трлн теңгеге немесе 18%-ға артты.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, жыл сайын комиссиялық сыйақыны төмендету және Қордың шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ комиссияларының мөлшерін жыл сайын Ұлттық Банк Басқармасы айқындайды. Атап айтқанда, 2020 жылға комиссия мөлшері инвестициялық табыстың 5%-нан 2%-на дейін және зейнетақы активтерінен айына 0,015%-дан 0,011%-ға дейін айтарлықтай төмендетілді.
«Ашық есік күні» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін дәстүрлі іс-шараға айналды. Алайда коронавирус індетіне (Covid-19) байланысты салымшылармен кездесуді Қор филиалдарында күндізгі форматта өткізу мүмкін емес болғандықтан БЖЗҚ қызметкерлері оны биыл екінші рет виртуалды кеңістікке көшірді.
2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 320 335 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 155,3 миллиард теңгеге 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 51,7 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 31,1 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 млрд теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 млрд теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 млрд теңге.
«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлік жасқа (ерлер – 63 жас және одан жоғары, әйелдер – 2020 жылы 59,5 жас және одан жоғары) жеткен, Қорда зейнетақы жинақтары бар және зейнетақы төлемдерін алуға өтініш білдірмеген адамдарды БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендіктері туралы хабарлайды. Әсіресе 59,5 жасқа былтыр толған әйелдердің назарын ерекше аударғымыз келеді. Егер олар төлем тағайындауға жыл соңына дейін жүгінбесе, мұны келесі жылы тек 60 жасқа толғаннан кейін ғана жасай алады. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылы ерлермен теңесетіні белгілі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 10 айы ішінде өз салымшыларына 15,8 миллион қызмет көрсетті. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус індетіне (COVID-19) байланысты ағымдағы жылы қабылданған бірқатар шектеу шараларына қарамастан, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 8% немесе 1,2 млн. бірлікке артты.
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы 12,6 триллион теңгеден асты. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстың кіретіні белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетін, есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.
«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы хабардар ету жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңселеріне тікелей келіп, сондай-ақ, дәстүрлі пошта арқылы үзінді көшірме алуға және электрондық тәсілдерді пайдалана отырып білуге болады.
2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.11.2019 жылдан бастап 01.11.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы екі триллион теңгеден аса немесе 20% өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200-ге жуық бөлімшесі жұмыстарын қызмет көрсетудің қалыптасқан күндізгі режимінде, қауіпсіздіктің барлық санитарлық шараларын сақтай отырып жалғастыруда.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. БЖЗҚ-ның халықпен тілдесу үшін таңдаған бұл жолғы тәсілі – Қордың болашақ салымшылары, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған онлайн-лекция болды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне екінші бақылау аудитінен сәтті өтіп, бұрын берілген сапа менеджменті жүйесінің сертификатын растады. Бақылау аудиті барысында Қордың он бөлімшесінің, сондай-ақ, Алматы қаласындағы филиалдың қызметі тексерілді. Сәйкестікті растау Қор салымшылары мен алушыларының үміттері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, Қор процестерін тиімді басқару және зейнетақы қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіруге негізделген клиентке бағдарланған сапа менеджменті жүйесін қолдайтынын куәландырады.
2020 жылдың тоғыз айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20%-ға ұлғайды. Осындай ауыз толтырып айтуға болатындай, яғни өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсімге негізінен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннің арқасында қол жеткізілді.