Филиалды таңдаңыз:
2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың алғашқы жартысындағы қызметі туралы есептемені тыңдаумен басталды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түсті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен алтыншы рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін мемлекеттік тілде қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар»
2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 8 пайызға, ал бір жыл ішінде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өсті
Зейнеткерлік жасқа толған және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар, бірақ қандай да бір себептермен оларды алмаған адамдар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесіне жүгінуі қажет
БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді: www.enpf.kz.
Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.
2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9,99 трлн теңгені құрады.
Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың шілде мен 2019 жылдың маусымы аралығында (өткен 12 ай ішінде) 9,4 пайызға жетті. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 5,4 пайызды көрсетті.
2019 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 285,2 млрд теңгеден асты.
Зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:
- бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары
бойынша сыйақы түріндегі табыстар 330,57 млрд теңге;
- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (31,79) млрд теңге;
- шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (24,10) млрд теңге;
- сыртқы басқарудан түскен табыстар 6,68 млрд теңге;
- басқа да шығындар 3,85 млрд теңгені құрады.
2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның ішінде теңгеге номиналданғандары бойынша орташа табыстылық – жылдық 8,5 пайыз, ал шетелдік валютада – жылдық 3,7 пайызды құрады.
Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (40,31 пайыз) тиесілі. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бірі. Есепті күнге қарай теңгеге номиналданған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылдық 7,5 пайызды, ал АҚШ долларында – жылдық 4,5 пайызды құрады.
Шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны 2019 жылдың 1 шілдесіне 1 446,22 млрд теңгені құрап, жыл басынан бері 21,34 пайызға артты. Олардың портфельдегі үлесі 14,47 пайызды құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелінде шетел мемлекеттерінің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілігі есепті күнге 3,2 пайызды құрады.
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының 2019 жылдың 1 шілдесіндегі облигациялары зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің 13,71 пайызын құрады. Есепті күнге ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,2 пайызды, АҚШ долларымен - жылдық 5,0 пайызды құрады.
Екінші деңгейлі қазақстандық банктердің қаржы құралдары былайша келтірілген: портфельдің 12,69 пайызы облигацияларға орналастырылған, олардың орташа алынған кірістілігі ұлттық валютада жылдық 10 пайызды және АҚШ долларында 6,4 пайызды құрады; депозиттердің үлесі орташа алынған кірістілікпен жылдық 9,4% пайызды құрап, 2,66 пайызға жетті.
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар шеңберіндегі қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша көрініс тапты: ұлттық валютадағы инвестициялар - 68,23 пайыз, АҚШ долларында – 31,36 пайыз, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 0,42 пайызын құрады.
Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.
БЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жаңа енгізілімдер туралы жиі келіп түсетін сұрақтарға байланысты келесі түсініктеме береді
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері сенімді оң динамиканы көрсетеді: 2019 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 7% - ға немесе 615 млрд теңгеге ұлғайды
«БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіруде. Енді Қор сайтында негізгі төлем түрлері бойынша ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеруге болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен бесінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін мемлекеттік тілде қарқынды оқыту курсын өткізді. Шымкент қаласында өткізілген бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар» деп аталды
«БЖЗҚ» АҚ 2018 жылдың 1 қаңтары мен 2019 жылдың 14 сәуірі аралығында жеке табыс салығын (ЖТС) ұстай отырып БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері төленген, табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға қайта есептеу жүргізіліп, оларға бұрын ұсталған ЖТС қайтарылып жатқандығын тағы да ескертеді. Бұған негіз болатын құжат: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы. Оның нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алған қатынастарға таратылады
Зейнетақы активтері табыстылығының жылдық көрсеткіші инфляция деңгейінен екі есе жоғары.
БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының көмегімен қашықтан байланыс жасау арналарын дамытып жатыр. Бұл қазіргі өркениеттің қарыштап дамып жатқан кезеңінде өте маңызды екені сөзсіз.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен бесінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін мемлекеттік тілде қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар».
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы шотынан үзінді көшірме алудың бірнеше тәсілі бар екендігі туралы тағы да салымшылар мен алушылардың есіне салады. Бұл заң жүзінде бекітілген құқық және оны Қор кеңсесіне келу, дәстүрлі пошта немесе электрондық тәсіл арқылы жүзеге асыруға болады.
Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шотына есептелген таза инвестициялық табыс көлемі 154,9 млрд теңгені құрады
2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,8 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 382,4 млрд теңгеге немесе 4 пайызға өсті
2019 жылғы 14 мамырда «БЖЗҚ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің он бірінші отырысы өтті