Филиалды таңдаңыз:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды.
БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай және қанша мөлшердегі бағалы қағаздарға, қандай нарықтық баға бойынша инвестицияланатыны жайындағы мағлұматтардан тұрады.
«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады
БЖЗҚ салымшылар мен алушылардың Қор бөлімшелеріне келу көрсеткішіне, сәйкесінше оларға түсетін жүктемеге тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізіп келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы деректерді негізге ала отырып, операциялық шығындарды азайту мақсатында өзінің өңірлік желілерін оңтайландырады
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ
2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған
2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,1 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 17 пайызға өсті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үздік эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 250-ден астам адам қатысты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының құрметті демалысқа шыққанда лайықты өмір сүруге арналған инвестиция екендігін тағы да еске салады. Зейнет жасында лайықты табыс алу үшін міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде ерікті жарналарды да уақытылы және толық көлемде Қорға аударып отыру қажет. Қазақстандықтар ерікті жарналарды өзінің немесе (жұмыс істемейтін, табысы аз) туған-туыстарының пайдасына аудара алады. Бұдан басқа, жұмыс берушілер де жұмыскерлерін жұмысқа ынталандыру үшін олардың пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудара алады.
Бүгін «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын-тегеуріндер, даму келешегі» тақырыбында Дөңгел үстел ұйымдастырылды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры да дәстүр бойынша жыл сайын ақпарат алу тәсілі ретінде дәстүрлі пошта байланысын таңдаған салымшыларға жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы үзінді көшірме салынған хат жібереді
2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,5 трлн теңгеге артты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша әр түрлі шаралар өткізу жұмыстарын жалғастыруда
Соңғы кездері кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қатысты талдамалық сараптамалық дәлелдерге негізделген деген айдармен әр түрлі жарияланымдар пайда бола бастады. Қор осыған байланысты мына жәйттерді түсіндіреді.
Бүгінде БЖЗҚ барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының 2019 жылға арналған шамасы бекітілді
2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,4 трлн теңгеге артты. Бір жыл ішіндегі өсім – 18 пайыз болды. Ал 2018 жылдың басынан бері өсім – 1,1 трлн теңгені немесе 14 пайызды құрады.
2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 623,6 млрд теңгені құрады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) соңғы кездері интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбейіп кетуіне байланысты қазақстандықтарды қырағы болуға шақырады.