Филиалды таңдаңыз:
Соңғы кездері кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қатысты талдамалық сараптамалық дәлелдерге негізделген деген айдармен әр түрлі жарияланымдар пайда бола бастады. Қор осыған байланысты мына жәйттерді түсіндіреді.
Бүгінде БЖЗҚ барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулысымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының 2019 жылға арналған шамасы бекітілді
2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен бері 1,4 трлн теңгеге артты. Бір жыл ішіндегі өсім – 18 пайыз болды. Ал 2018 жылдың басынан бері өсім – 1,1 трлн теңгені немесе 14 пайызды құрады.
2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 623,6 млрд теңгені құрады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) соңғы кездері интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбейіп кетуіне байланысты қазақстандықтарды қырағы болуға шақырады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.
Forbes.kz-тағы: «Сарапшы: 5 жылдан кейін БЖЗҚ-ға зейнетақы төлеу үшін ақша жетпеуі мүмкін» деген жарияланымы күткендегідей қоғамға жедел әсер туғызды. Бұл түсінікті де, себебі бәріміз де – БЖЗҚ салымшыларымыз. Осы жарияланымға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшының пікірі ешқандай есептерге негізделмегендігін және құзыретті болып табылмайтындығын мәлімдеуді қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, оның ішінде «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол 2018 жылдың 11 қазанынан бастап күшіне енді.
«Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева қазіргі уақытта зейнетақы төлемдерінің екі көзден; мемлекеттік бюджеттен (базалық және ортақ зейнетақылар) және БЖЗҚ-дағы азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарынан төленетінін хабарлады
Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.
2018 жылдың 17 қыркүйегінде «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымы Нұрбибі Наурызбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысына қатысты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық қазақстандықтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар оларға өзінің жаңа қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы маңызды және пайдалы ақпараттарды жеткізуге ұмтылады
«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасының осалдығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне жасалған тексеру салымшылар мен алушылардың дербес деректерінің бұзылмағандығын немесе сыртқа таралып кетпегендігін көрсетті.
2018 жылдың 1 тамызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,22 млн бірлікті құрады. Олардың 95 пайызы – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 4,5 пайызы – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ал 0,5 пайызы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен ашылған шоттар.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және Қор қызметі мәселелері бойынша жыл сайын тәуелсіз компаниямен бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдері 2018 жылдың алғашқы жартысында 100,9 млрд теңгені құрады