Филиалды таңдаңыз:
2017 жылы барлық проблемалық эмитенттерге қатысты белсенді жұмыстар жүргізілді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді
2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды
2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акционері мен директорлар кеңесі Қор қызметінің барынша ашық болуына, Қордың салымшылары және зейнетақы төлемдерін алушыларымен тиімді коммуникациялық байланыс орнатуға айрықша мән береді
2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2017 жылғы қаржы есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді
«БЖЗҚ» АҚ өзінің 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында салымшыларға көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, оларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді
2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды.
2018 жылдың 27 наурызында, сейсенбі күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалдарында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасы өткізілді.
БЖЗҚ өзінің дербес қызмет көрсету орталықтарына салымшылар мен алушылардың келу көрсеткішіне және сол орталықтарды күтіп ұстау шығындарына тұрақты түрде талдау жүргізеді
2018 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 7,8 трлн теңгені құрады
БЖЗҚ өз бөлімшелерінің санын 218-ге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Еске сала кетелік, қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша Қордың 231 бөлімшесі жұмыс істейді.
Зейнетақы заңнамасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге асыру тәртібіне қатысты енгізілген өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 трлн теңгені құрады. Сөйтіп 2017 жылдың басынан бері 1,1 трлн теңгеге артты. Яғни, бір жыл ішіндегі өсім 16,4 пайызды құрады.