Филиалды таңдаңыз:
2017 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында ҚР ЖС төрағасының ұсынысымен «БЖЗҚ» АҚ-тың «Glotur» АҚ банкроттықты басқарушысына деген талабын қанағаттандырудан бас тартуға қатысты бұған дейін шығарылған сот актілеріне шағым түсіру жайында сот отырысы өтті.
2017 жылғы 6 қыркүйекте «АПК-Инвест» Корпорациясы» ЖШС эмитенті 4-5 шығарылымдағы облигациялары бойынша 10-шы кезең үшін купондық сыйақы төлеу бойынша «БЖЗҚ» АҚ алдындағы 249 млн. теңге көлеміндегі берешегін өтеді.
28 тамызда, дүйсенбі күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің бесінші отырысы өтті.
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді.
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Жыл басынан бергі өсім 588 млрд теңгені (8%) құрады.
Шығыс Қазақстан облысына жасаған іссапары барысында «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева облыс әкімі Даниал Ахметовпен кездесті. Естеріңізге сала кетелік, осы күні Басқарма төрайымы Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкер әйелдерімен де кездескен болатын.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаеваның республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 2017 жылғы 10 тамызда ол Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкер әйелдерімен кездесті.
2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сәйкес зейнетақы жинағының жалпы сомасы 7,14 трлн. теңгені құрады, бұл жыл басындағы сомадан 450 млрд. теңгеге (немесе 6,3%-ға) көбірек. Бүкіл зейнетақы жинағының басым бөлігі, яғни 98,3%-ы міндетті зейнетақы жарнасы есебінен құралды.
Зейнетақы Қоры көрсетілетін қызметтерді жаңғырту және оңтайландыру жолында салымшылдар мен алушыларға жаңа, заманауи қызметтер ұсынады. Олар салымшыларды уақыт шығындап Қорға келіп құжат толтырудан құтқарады.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша біз Қор сайтында зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі туралы ақпаратты ұсынудың жаңа тәсілін әзірледік.
БЖЗҚ ағымдағы жылдың басынан бастап өз қызметінің ашықтығын барынша қамтамасыз ете отырып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
2017 жылғы 2 тамызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Онда Қор дамуының түзетілген жоспары бекітілді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының даму жоспарына сәйкес, Қор мынадай мақсаттарға қол жеткізуге күш салады.
2017 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына таратылған таза инвестициялық табыс 205,7 млрд теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыстың көлемі қаржы нарығындағы ахуалдарға және ҚР Ұлттық Банкінің зейнетақы активтерін инвестициялаған қаржы құралдарының бағасына тәуелді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сапалы зейнетақылық қызмет көрсетуден басқа, маңызды қызметтерінің бірі - қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаеваның республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 2017 жылдың 20 шілдесінде Қарағанды қаласында Нұрбүбі Наурызбаева Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесті.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева Алматы облысына жасаған іссапары барысында 2017 жылдың 18 шілдесінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, Талдықорған мен Текелі қалалары және Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарының тұрғындарымен, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметкерлерінің күшімен БАҚ пен блогосфера өкілдері, сондай-ақ журналистика факультеттерінің студенттері үшін осымен екінші рет «Қаржы журналистикасы бойынша жазғы мектеп» шарасы өткізілді.
2017 жылғы 30 маусымда, жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні болып өтті.
Бүгінгі таңда 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсілін таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жеке зейнетақы шоттарына таза инвестициялық табысты үлестіру тәртібі мына нормативтік құжаттармен реттелген...